ҚАДАҒАЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

14:09, 11 шілде 2019

Облыс орталығындағы мектептерде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарымен Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаттары танысып қайтты. Тексеріс барысында техникалық бақылауды қадағалайтын ұйым өкілдері қарасын көрсетпеді. Халық қалаулылары сұрақтарына жауап ала алды ма?

Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаттары кеншілер шаһарындағы төрт мектептің жөндеу жұмыстарын тексеруге шықты. Бүгінде оқу ордаларын жөндеуге аз ақша жұмсалынбаған. Жергілікті бюджеттен 434 млн теңге, ал облыстық қазынадан 211 млн теңге бөлінген.

Арман БАҚТЫБАЕВ, білім бөлімі басшысының орынбасары:

-Биылғы жылы Қарағанды қаласы бойынша 23 нысанды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуге қарастырылған. Олардың ішінде 17 нысаны жергілікті бюджеттен, 6 нысаны облыстық бюджеттен бөлінді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарға 14 нысанға да жергілікті бюджеттен ақша бөлініп, қазіргі таңда жұмыс жасалуда.

Оқу мауысымына дейін жұмыстар да қызу жүріп жатқанын біз де  бақылап қайттық. Дегенмен, нөмірі он алтыншы мектептегі терезелердің 80 пайызы айырбасталынып, қалған 20 пайызы ескі күйінде қалатыны депутаттардың наразылығын тудырды.

Жаңадан келген білім бөлімі басшысы қатаң тексеріс орнатып жатқанда, 27 мектепте техникалық бақылау ұйымының өкілі жұмыс орнында болмай шықты. Бұл да мәслихат депутаттарының ашуын келтірді.

Юлия БАДИНА, Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаты:

-Біз мектептердің оқу маусымына дайындығын тексеруді бастадық. Бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Сондықтан қадағалауымыз тиіс. Жұмыстар уақытылы жүріп жатыр. Бірақ көкейдегі сұрақтар да жоқ емес. Осы ретте еш жауаппсыз қайтып барамыз. Себебі техникалық бақылаудың өкілдері жоқ болып шықты.

Ағымдағы жөндеуге де қалалық бюджеттен 58 млн 530 мың теңге бөлінген. Ал, 15-ші мектептің жылу жүйесін ауыстырып, жаңа терезелерді орнатуға 36 млн 621 мың теңге жұмсалынған. Алайда, шойыннан жасалған жылыту батареясының орнына қойылатын , жаңадан шыққан биометаллды құбыр депутаттардың көңілінен шықпады.

Жанділ МҰХТАРОВ, Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаты:

-Ешқандай жерде болмаған. Өйткені оның төзімділігі де шойын батареяға қарағанда аз. Сондықтан, биоматериалдан гөрі шойынды қалдырған дұрыс болушы еді деген сынай білдіріп жатыр депутаттар. Мынаны тазалап, әрі қарай бәленбай жыл ұстаға болушы еді деген сияқты.

Енді қала бойынша 37 мектепте жүріп жатқан түрлі жөндеулерді депутаттар назардан тыс қалдырмай, қадағалауда ұстамақ. Ал, мердігерлер өз кезегінде жұмыстарын он бесінші тамызға дейін бітірулері тиіс.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар