«JASTAR ALANY»

17:50, 11 ақпан 2019

Жастар жылы аясында және Қарағанды қаласының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында жастар ресурстық орталығында коворкинг форматындағы «JASTAR ALAŃY» ашылды. Ашылу салтанаты аясында білім беру web - платформасы Kahoot көмегімен «Қайда? Қайда? Қарағандыда!» атты брейн-ринг интеллектуалдық ойыны өткізілді.

 Жастар ресурстық орталығында ашылған  коворкинг форматындағы «JASTAR ALAŃY» нағыз бастамалар алаңы десек артық айтқандық емес. Мұнда кез келген жас үшін есік ашық, әрі тегін. Сонымен қатар, жастар үшін  wi-fi, буккроссинг кітапхана бұрышы, қажетті жабдықтар, үстел ойындары және т.б. жағдайлар жасалынған.

Бақтияр БЕКМҰРЗАЕВ,  Қарағанды қалалық жастар ресурстық орталығының директоры:

- Кез келген адам панорамалық көрініске қарап өзінің шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Әрбір жас адам өзін-өзі дамыту үшін жастар алаңын пайдалана алады. Бүгін ашылған алаңның жастарға берері мол. 

Ашылу салтанаты аясында білім беру web - платформасы Kahoot көмегімен жастар арасында тартысты бәсеке басталды. Төрт командаға бөлінген колледж студенттері  Қайда? Қайда? Қарағандыда!» атты брейн-ринг интеллектуалдық ойынында қарағандының 85 жылдық тарихында орын алған маңызды оқиғаларға суреттер арқылы жауап берді.   

Әйгерім МАРАТБЕКОВА,  жастар мәслихатының депутаты:

–Жастар жылы екені біздерджі қуантты. Барлық бастамаларды іске асыраты жыл.

Бұл орталықтың ашылуына орай өткен алғашқы интелектуалды ойын ғана. Алда, жастар ресурстық орталығы жетекшілері шығармашылық идеясы бар жастарды осы жерде күтіп, тың жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
18:40, 13 ақпан 2019
ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
Толығырақ...