Израилдік бірегей технологиялар Қарағанды облысына енгізілмек

16:09, 17 қаңтар 2018

Аймақ жетекшісі Ерлан Қошанов бұл бастаманы Израиль Мемлекетінің Қазақстан және Қырғыз Республикаларындағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаэль Бродскиймен кездесіп, талқылады. Сәтсін салса «Smart city» концепциясы біздің өңірде жүзеге асырылуы мүмкін

Израиль елі - ауыл шаруашылығы мен инновация және медицина саласында өзгелерден көш ілгері мемлекеттің бірі. Аталмыш елдің Алматы, Астана қалаларында бірнеше компаниялары сәтті жұмыс жасап тұр. Яғни экономика саласында израилдіктердің   270 кәсіпорны бар.

Михаэль БРОДСКИЙ Израиль Мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі

Біз осы үш бағыт бойынша Қарағанды облысымен жұмыс жасағымыз келеді. Бүгін серіктестікті дамыту бойынша келісу үшін әдейі келдік. Қарағанды облысының мүмкіндіктері көп. Сіздердің  өнеркәсіптеріңіз мықты,  инфрақұрылымдамыған, географиялық орналасуы, яғни астанаға жақындығы және транзиттік мүмкіндіктері жоғары. Осы басымдықтарды пайдалану керек. Мен біздің келісімге келетінімізге, жәнеде бизнесмендердің өзара пайдалы серіктестікке қол жеткізетіндеріне сенімдімін.

Қарағанды облыс әкімдігінің басшылығы«Smart city» инновациялық жобасына қызығушылық танытып отыр. Әсіресе көшелерді жарықтандыру, бейнебақылауларды орнатып, қала өміріне электронды жүйені енгізуге бағытталған жетістіктері мол.Себебі мемлекет басшысыда биылғы Қазақстан халқына Жолдауында негізгі кезең «Ақылды қала» концепциясын іске асыру екенін атап өткен болатын.

Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облысының әкімі

Біз сандық жүйені енгізу үшін 11 бағытты анықтадық. Олар денсаулық сақтау, білім, қауіпсіздік, және тағы басқалары. Нәтижелер бар, алайдаалғақарай, басқасалаларғажылжукерек. Мәселен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, құрылыс, экология, ауыл шаруашылығы. Біз осы бағыттаизраилдіккомпанияларменжұмысжасауғадайынбыз.

Аймақ жетекшісі жобалардың басым көпшілігі мемлекеттік жеке әріптестік бағыты бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
16:33, 16 тамыз 2018
ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар