ІЗГІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАН

16:19, 13 қаңтар 2021

Шахтинск қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Алексей Головкин қайырымдылық пен ізгіліктің шынайы бейнесін көрсетуде. Тұрғын өзі тұратын ауланы абаттандырумен айналысады. Күн сайын аумақты қар басып қалмас үшін екі қолсыз қалған жан жолдарды аяқпен таптап өтеді

Алексей Головкин күн сайын таңертең терезені ашып, құстарға тамақ береді. Тірлішік иелерін тамақтандыруда жеке қаражатын жұмсайды. Оның күнделікті таңы осылай басталады.

59 жастағы Алексей бәрін өзі істеуге дағдыланған. Қол қусырып отыру оның қасиетіне жат дүние. Ондаған жыл бұрын  тау-кен техникасында монтаждаушы болып жұмыс істеген. 10 жыл бұрын қолынан айырылған Алексейдің жалғыз қызы Беларусьта тұрады.  

Бірінші топтағы мүгедек ауланың таза болуы үшін әркім жауапты деп санайды. Аула сыпырушыға көмектесуге де әрдайым дайын. Аумақ қармен жабылмауы үшін жолдағы ақ ұлпаны аяқпен таптайды.

Алексей ГОЛОВКИН,  I топ мүгедегі:

-  Бұл мен үшін жаттығу сияқты. Адамдар ақша төлеп, ақылы жерде жаттығып жүр. Ауланың әдемі болғаны жөн. Мен көктемде осы жерге гүл отырғызамын. Егер әркім өз терезесінің айналасындағы жерді көркейтетін болса, жақсы болар еді. Әрбір адам кем дегенде бір ағаш отырғызса нұр үстіне нұр болар еді.

Қарға түскен жолдары айрықша төселген өрнектер сияқты. Мұндай пікір білдірген көршілері оның еңбекқорлығына тәнті.

Наталья ПЕЦЕНЮК,  қала тұрғыны:

-Қолының жоқтығына қарамастан, аяқтарымен осындай керемет дүниелерді жасайды. Біздің оған алғысымыз шексіз. Бізге керемет, тамаша көрініс сыйлап келеді. Осы үшін оған көп рахметімізді жеткізгіміз келеді.

Алексей құстарға жем салғыш ыдыстар да жасауды дағдыға айналдырған. Бұл хоббиге бой үйретпей тұрып, пластикалық бөтелкелерден вазалар жасаған. Қазіргі таңда, екі қолдың қызметін атқарған протезі ескіріп, еркін жұмыс жасауға кедергісін келтіруде. Болашаққа үлкен үмітпен қарайтын Алексей алдағы уақытта жасанды қол жабдығына ие боларына сенімді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар