IT СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

17:30, 23 тамыз 2019

Жезқазған қаласындағы №26 гимназияда биылғы оқу жылында IT сыныбы ашылды. Бұл білім ордаларында қосымша үйірмелер жұмыс жасап, оқушыларға инновациялық технологияның қыр сыры оқытылады. Білім мекемесінде пайда болған жаңа үйірмеге оқушылар қызығушылығы жоғары

№26 гимназияда робототехника сыныбы ашылығандықтан енді оқушылар білген түйгенін тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік алды.  Мұнда талапкерлер  работ құрастыру, локалдық желі, фотошоп, бейнемонтаж және түрлі компютерлік бағдарламаларды меңгереді. Негізгі технологиясы констркутор құраудан басталады. Білім мекемесінде 807 оқушы болса,  соның басым көпшілігі робототехника үйірмесіне қатысуға ынтық. Оқушылар пултьпен бір жолақпен кедергісіз жүретін,жүк тасымалдайтын, түсті анықтайтын, бір-бірімен күресетін сумо робот түрлерінің жобасын дайындап қойған. Енді компютерлік бағдарлама көмегімен  құрастыратын болады.

Алексей ЛИ, робототехника академиясының директоры:

-Жалпы біздің академиямен мектептер мемерандум келісіміне келген. Жоба бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Бұл өте қажетті ілкімді бастама.Қазіргі діттеп отырған мақсатымыз халықаралық, республикалық роболент байқауына дайындалу. Балалардың ынтасы жоғары деңгейде.

Биылғы оқу жылында  Жезқазған қаласындағы  12 білім мекемесіне жаңа моделді   IT сыныбы ашылды. Сонымен қатар  №26 гимназияда биыл биология және алғашқы әскери дайындық сыныптары қажетті жабдықтармен толықтай  жаңаланған. Ал 10 сынып оқушылары үшін «Кәсіпкерлік негіздері» деген жаңа пән енгізіліп отыр.

Әсем  СӘДУАҚАСОВА,  №26 гимназиясының директоры:

-Балаларды мектеп қабырғасынан кәсіптік мамандықтарға бейімдейді. Болашақта кім боламын деген сұрақтарға жауап алады. Бізде 5-сынып және биылғы жылдан бастап 6-сынып эксперементалды сыныптар бар. Ол сыныпта физика және өзін өзі тану пәндерін ағылшын тілінде оқиды.

Биыл Жезқазған қаласының 4 мектебі күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Бұған жергілікті бюджет 234 млн теңгеден астам қаржы құйған.

Жеңіс ӘЛМАҒАМБЕТОВА, Жезқазған қалалық білім беру бөлімінің басшысы:

-Кеңір елді мекенінде ауылдық мектеп толық шатыры ремонтталды. Мектептң суық болауына байланысты мектеп  жылытылды. Талап ауылындағы мектептің де шатыры ауыстырылды. Қаламызда 13 мектепте 1000 нан артық бала бар. Соның шатыры айырбасталып, сондағы «Күншуақ» орталығы жөнделді.

Сандық технология қала мектептерінде қарқынды енгізілуде.Шахардағы   бірқатар оқу орнындарында мультимедиялық және интелектум камбинеттері мен кофоркинг орталықтары да ашылып жатыр.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар