ИТ- АДАМНЫҢ ДОСЫ

16:14, 17 қыркүйек 2020

Биыл иттердің күтімі мен тәртібі туралы ереже қабылданды. Алайда Қарағандыда әлі күнге дейін үй хайуанаттарына жағдай жасалмаған. Иттерді серуендетуге арналған арнайы орындар жоқ

Қарағанды қаласының тұрғындары қоғамдық орындар мен саябақтарда иттерді серуендететін орын мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Осынау түйткілге  байланысты полиция басқармасының тәртіп сақшылары иттің қожайындарымен  кездесу өткізді. Ал ағымдағы жылдың 8 айында құқық қорғау органдарының қырағы қызметкерлері ережені бұзған 2300 фактіні тіркеген.

Ерлан АҚЫЛБЕКОВ, Қарағанды қалалық  полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары:

-Әдетте иттер тұмылдырықсыз жүреді. Бұл негізгі заң бұзушылықтар болып саналады. Сондықтан біз оларға шара қолданамыз. Егер адамдар иттерге қатысты  ережелерді жиі бұзса, ескертулер мен айыппұлдар қарастырылған.

Иттердің иелері мұндай жаңашылдықтарды бірауыздан қолдап отыр.Себебі бұл ереже үй хайуанаттарын қорғауға мүмкіндік береді.Әрі қоғамдық орындардағы жайлылықты бұзбау үшін әсте маңызды.Алайда төрт аяқтылардың қожайындары қыдыртуға арнайы алаңдар аса қажет екенін алға тартады.

Ирина РАДЧЕНКО:

- Қаланың барлық қоғамдық ұйымдары түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ынтымақтастыққа біз дайынбыз.Сондықтан бірлесіп шараларды ширатуымыз шарт.

Кездесуде тәртіп сақшыларына иттердің иелері үй хайуанаттарын қорлау жағдайлары жайлы еске салды.Мұндай бейнежазбалар желілерде жиі жарияланады.Алайда кінәлілер жазасыз қалады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар