ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСТІ

16:28, 13 маусым 2018

Приозерск қаласында ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен іскер әйелдер форумы өтті. Шараға Қарағанды облыстық іскер әйелдер қауымдастығының атқарушы директоры мен қаланың кәсіпкер ханымдары, мемлекеттік органдарда еңбек ететін нәзікжандылар, тіпті, жұмыссыз жүрген жандар да қатысты. Толағай табыстарға жеткен әйелдер өз жетістіктерінің құпиясымен бөлісті

Алдымен іскер әйелдерге «Балқаш» емдік сауықтыру кешені таныстырылды. Мұнда тірек қимыл апараты зақымданған, жүрек талмасы, жүйке жүйесі, тыныс жолдарындағы түрлі аурулардан емдейді. Бұл мақсатта қажетті құрылғылармен жаңа жабдықтар түгел бар. 

Приозерск қаласында іскер әйелдер форумы бірінші рет өткізілді. Шара барысында білікті бизнес ханымдары өз ісін бастаудың негізгі тетіктерін баяндады. Бұдан бөлек, кәсіпкерліктегі жетістік пен құлдырау кезеңінен шығынсыз қалай өтуге болатыны айтылды. Туризм мен «Жасыл экономиканың» пайдасы  түсіндірілді. 21 ғасырдағы бизнес идеялар ұсынылып, талқыланды.   Бастысы жұмыссыздықпен күресіп, екі қолға бір күрек табудың жаңа жолдары түсіндірілді.

Азамат ШАЛҒЫМБАЕВ, облыстық кәсіпкерлік палатасының Приозерск қалалық филиалының директоры:

-Қазіргі уақытта саясат пен бизнесте ер адамдармен тең жетістікке жететін, нәзік жандылардың белсенді өкілдері жиі кездеседі. Мемлекет тарапынан да тиісті қолдау бар. Менің ойымша іскер әйелдерге тек кәсіпкерлер ғана емес, білім, денсаулық әкімдікте жұмыс істейтін жандарды да қосу керек. Сондықтан, қазір әйелдердің қоғамдағы рөлі ерекше.

Жалпы, Приозерск қаласында тұрып жатқан 7 мыңға жуық нәзік жан түрлі салада жұмыс істейді. 312  кәсіпкерлікпен айналысады. Биыл мемлекеттің қолдауымен 14 әйел шағын және орта бизнесте өз істерін ашыпты. Ол  шаштараз, дүкен, сауда орталықтары және  асхана. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар