ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

15:56, 11 маусым 2019

Қарқаралы ауданында мемлекеттік бағдарламалар арқасында кәсіпкерлер қатары артуда. Оның ішінде «Жастар жылы» аясында іскер әйелдер қауымы да кәсіптен нәсіп табуға ден қойған. Аудан орталығынан бөлек, шалғай елді-мекендегі нәзік жандар сирек кездесетін мамандықтарға бет бұрған

Қарқаралы ауданына қарасты Қарағайлы кентінің тұрғыны Самал Арумбек сауда-саттықпен айналысуда табысқа жетуді көздегендердің бірі. Осыдан бірер ай бұрын аудан әкімінің грантын жеңіп алған ол кент орталығынан дәмхана ашып, кондитерлік өнімдерін ұсынып отыр.

Самал АРУМБЕК, жеке кәсіпкер:

-Қолдан торт, донер жасап, тапсырыс берушілерге барынша сапалы өнім ұсынамыз. Тіпті, дәмханада балалар туған күндерін атап өтеді. Жұмсалған қаражатымызды қайтарған соң, кешенді кеңейту басты мақсатымыз.

Сондай-ақ, аталмыш кентте жоқтан бар жасауды жөн көрген  тұрғын Асылгүл Әйтенованың «Еңбек бәрін жеңбек» деген ұстанымы бар. Ол осы уақытқа дейін химиялық тазалау жұмыстарын үй ауласында жасап келген. Аудан әкімінің 1 миллион теңге грантын жеңіп алған  Асылгүл енді арнайы цех ашуды көздеп отыр.

Асылгүл ӘЙТЕНОВА, жас кәсіпкер:

-Бізге әлі бірқатар оборудованиялар керек. Мысалға, паластарды 80 пайызға кептіретін құрылғы керек. Қазіргі уақытта арнайы нысан салуды бастап кеттік. Өзіміз клемдерді тапсырыс беруші үйінен алып кетіп, жуып, жеткізіп береміз.

Ал, аудан орталығында жас кәсіпкер Мәдина Жеңіс  халыққа қызмет көрсету мақсатында фотостудия ашып, табысты еңбегін еселеу үстінде. Үлкен көлемдегі баннерлер шығаруды көздеген ол полиграфиялық орталық арқылы мемлекеттік тапсырыстарды орындауға  ниетті.

Мадина ЖЕҢІС, жас кәсіпкер:

-Бізде осыған дейін шағын фотостудия қызметін жасап тұрды. Кейін, мемлекеттік грантқа қатысуға бел буып, өз жобамды ұсындым. Менің бастамам арқылы қаржылай қолдауға ие болдым. Енді арнайы аппарат сатып алуымыз қажет.

Қазірдің өзінде мемлекет тарапынан халықты кәсіпкерлікке тарту өз жемісін беріп жатыр, - дейді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылан Рахымбергенов. Оның ішінде, соңғы алты айдың өзінде 5 нәзік жанды бизнестің жаңа көзін ашқан. Аудандағы 8000 жастың 75 пайызы ауылды жерде тұратын ескерсек, «Жастар» жылы аясында әлі де бірқатар белсенді жандар қолдауға ие болатын көрінеді.

Асылан РАХЫМБЕРГЕНОВ, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры:

-Жастарды қолдау мақсатында 13 жас азамат арнайы грантқа ие болып, қазір өзістерімен айналысуда. Биыл 8 жоба ұсынылса, оның бесеуіне қаржылай қолдау  берілуде. Алдағы күндері келісім-шарт жасалып, іске кірісетін болады.  Шаңғы базасын дамыту жобасы да үлкен қызығушылық танытып отыр.

Міне, кәсіпкерліктің көші алға ілгерілеген ауданда коворкинг орталығы мен наубайхана, дәмхана мен аяқ киім, тоқыма кәсібі де алға жылжуда. Бұған аудандағы бизнесті дамыту бағытындағы атқарылып жатқан осындай игі істер қашан да дәлел болмақ.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар