ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҚАЖЕТ

17:15, 8 қазан 2019

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының орындалысы әр кезде маңызды. Осы мақсатта Қарағанды облысына республика бюджетінен 866 миллион теңге бөлінген. Мемлекет тарпынан қолдау зор. Бірақ, шаһар басшысы Нұрлан Әубәкіров біраз мәселелердің бар екеніне арнайы тоқталды

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына орай, өз ісін ашамын деген кәсіпкерлер мен бизнесмендерге несие беру мәселесі қаралды. Ол үшін жас кәсіп иелері салық органдарына тіркелуі міндетті көрінеді 

Берекет ЖӘЙНАЗАРОВ, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің жетекшісі:

-Осы жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 866 миллион теңге қаржы бөлінді. Жыл басынан бері шағын несие алу үшін 291 адам өтініш білдірді. Олардың 58-і «Даму» қоры қоры арқылы қаржыландырылды.

Үміткерлер қатарында кәсіпкерлік пен айналысу үшін арнайы курстан өткендер де бар. Бірақ, жас кәсіпкерлердің жобалары тек қана қағаз жүзінде қалуда. Екінші деңгейлі банктерде 8 жоба мақұлданып, ал қалған 11-і осы күнге дейін қаралу үстінде көрінеді.

Нұрлан ӘУБАКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-Өздеріңізді сол кісінің орнына қойып, көріңіздер. Олар дайындалды. Алдарына мақсат-міндет қойды. «Бастау» бағдарламасы арнайы курстарынан өтті. Бір жылдан кейін ол, комиссиға түседі. Оған енді ақша жоқ деген сылтаулар айтылады. Жақсы жобалар Қарқаралыда бар деген сөздер де айтылуы мүмкін. Сонда мемлекттік бағдарламаның тиімділігі қайда деген сұрақтар туындауы орынды сияқты.

Жұмыспен қамту орталығы мониторинг жасап, грант алған бизнесмендерді қолдауға әзір. Олардың арасында тігін ісімен айналысып жүрген көп балалы аналар да бар.

Абзал РАҚЫМБАЕВ, Қарағанды қалалық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі:

-2017 жылдан бері қала бойынша 1,3 миллиард теңгенің  111 зайымы алынған.  Ол  64,3%. Пайыз деген сөз. Қазір басқа жобаларға қатысты мониторинг жүруде. Ол екінші деңгейлі банкте қаралу үстінде.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-Барлық жобаларды бердіңіздер. Бәрі тамаша. Ақша бөлінді. Қаржы игерілуде. Мәселенің мән-жайына келсек, тіптен олай емес. Әлде мен дұрыс айтпадым ба? Инвестициялық жобалар қайда? Сіздерде оған жауап жоқ. Нақты нәрселерді айту керек.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров стартап-жобаларға баса назар аудару қажеттігін  айтты.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар