ИНВАТАКСИ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА

13:33, 8 қараша 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін еліміз кедергісіз аймаққа айналуға тиіс»,- деп атап өткен болатын. Осы мақсатта, Балқаш қаласында «ИНВАТАКСИ» қызметі жұмыс жасауда. Соңғы тоғыз айдың өзінде әлеуметтік жоба арқылы тегін тасымалдаудың 5000-нан астам тапсырысы орындалған

Қала тұрғыны Қарлығаш Жұматаева - ІІ топтағы мүгедек. Медициналық мекемелерге айына 4 рет бару үшін үнемі инватакси қызметін пайдаланады. Күнделікті әдетпен Балқаш қалалық «Мүгедектер қоғамы» ҚБ-нің ғимаратына тапсырыс арқылы, тегін жетеді. Бұл жерде, түрлі топтағы мүгедек, тағдырлас жандармен сыр шертіп, қоғамдық жұмыстарға атсалысады.

Қарлығаш ЖҰМАТАЕВА, ІІ топтағы мүгедек:

-Жобаның қаламызда жұмыс жасағаны өте қуаныштымын. Міне, диспетчерге қоңырау шалып, қалаған деріме келіп отырмын. Барлығы қолайлы. Екінші топтағы мүгедек ретінде жүріп, тұруым қиындық тудырады. Тегін тасымалдау қызметіне алғысым шексіз.

«Инватакси» - әлеуметтік жобасын «Балқаш қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі бастамасымен «Мүгедектер қоғамы» ҚБ-і жүзеге асыруда. Диспетчерге қоңырау шалу арқылы тапсырыс жасауға болады. Жарымжан адамдардың әлеуметтік мәселелерін жеңілдету мақсатында түрлі іс-шараларда қолға алынған. Көру, есту, қимылдау қабілеті нашар балалар тоғызқұмалақ, сурет салу, қолөнер бұйымдарымен жұмыс жасайды. Одан бөлек, күндізгі уақыттарын компьютерді меңгеру арқылы,  жарымжандар таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейінгі уақыттарын тиімді өткізуге жиылады.

Клара ЖАҚЫПБАЕВА, «Мүгедектер қоғамы» ҚБ-нің төрайымы:

- Біздің қоғамдық бірлестікке биыл 20 жыл толып отыр. 1,2 топтағы мүгедектер мен ҰОС ардагерлері және мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін инватакси қызмет етеді. Жыл басынан бері 300-ден астам адам тіркеліп, 5143 тапсырыс орындалды. Оның басым бөлігі емхана, пошта мен ХҚКО-на және құжаттар үшін әкімдікке бару жұмыстарына арналған. Тегін көлікті шақыртқан әрбір өтініш құжаттамаға тіркеліп, бюджет қаржысының есебі жүргізіледі. 

Орталық кітапхана қызметкерлері болса,  мүгедек жандардың  сауатын аша түсу үшін кітаптарды тасымалдап, аптасына екі рет ауыстырып тұрады. Өздеріне осындай  айрықша  көңіл бөлініп жатқанына мүмкіндігі шектеулі жандар дән риза.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар