ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЕРУЕН АТТАНДЫ

17:34, 5 тамыз 2019

«Стем» білім –инновация керуені бүгін облыстың 19 білім ордасына аттанып кетті. Академия мамандары 7-11 сыныптарға жаратылыстану пәндерінен сабақ беретін мұғалімдерді цифрлық технологиялармен жұмыс істеуге үйретеді. Сапар алдында өткен брифинкте Білім басқармасы мен Стем академиясының өкілдері керуеннің бағыт-бағдарын баяндап берді

Оқушыларға  интерактивті жабдықтарды қолдануға дағдыландыру инновациялық білім берудің басты талабы болып отыр. Ел қазынасынан  қыруар қаражатқа сатып алып жатқан жаңа технологиялардың  тетігін ұстаздар әлі толық меңгере алмай жатыр.Стем академаиясының мамандары жаратылыстану пәні мұғалімдеріне жаңа технологиялардың қыр-сырын меңгертіп, шеберлік сабақтарын өткізеді.Оқытудың әдістемелік  бағыты  инженерия,бағдарламалау, роботехника және 3 д моделдеу саласы бойынша жүреді.

Мағжан ҚЫСТАУБАЕВ, «STEMакадемиясының» ғылыми зерттеулер бойынша директоры:

-Қаншама мектептерде мықты жаңа құралдар тұр. Олар пайдаланлымаған болуы мүмкін. Біз соларды қалай дұрыс пайдаланып, сабақта қалай қолдану керектігін айтып үйретеміз.

Аймақтағы 504 мектептегі  жаратылыстану пәндерінің ұстаздарына мұндай дәріс ауадай қажет екені хақ. Болашақ бағдарламасы бойынша Американың Пенсельвания университетінде ядролық –физика мамандығы бойынша білім алып келген СТЕМ академиясының түлектері өздерімен бірге инновациялық технологияларды ала шыққан. Сапар барысында олар сабақ кезінде қоланылатын заманауи жабдықтардың көрмесін ұйымдастырады.

Мағжан ҚЫСТАУБАЕВ, «STEM академиясының» ғылыми зерттеулер бойынша директоры:

-Біздің құрамымызда математик,химик,биолог маман бар. Біздің мақсатымыз - сол құрал-жабдықтарды қолданысқа енгізгенде оқушылардың білім дәрежесін қалай көтерілетінін көрсету.

Қазір Қарағанды облысындағы барлық орта мектептер интернет желісіне қосылған. Аймақтағы мұғалімдердің 70 пайызы цифрлық технологиялар курстарында білімдерін көтерген. Олай болса, оның нәтижесі қандай? Заманауи технологияның игілігін көріп жатқан шәкірттер бар ма? Осы мәселені жіті саралайтын Степ академиясының өкілдері бізге керуен аяқтаған соң жауабын айтамыз деп уәде берді.

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар