ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ – ЭКОНОМИКА ИГІЛІГІ

16:03, 15 қыркүйек 2020

Аймағымызда өндіріс көлемі үш есеге артты. Қарағанды облысындағы индустрияландыру нәтижелері өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен онлайн режимде өткен аппараттық жиналыста қаралды

Қарағанды облысында 10 жыл ішінде жалпы сомасы 353 миллиард теңгені құрайтын  92 жоба жүзеге асырылған.Соның арқасында 7400 –ден астам  жұмыс орыны құрылды.Жаңа импортты алмастыратын өнім шығару игерілді.Бұл болат арқан, барит концентраты, шарлы крандар мен отқа төзімді материалдар және ферросилиций.Мұның бәрі  импортты алмастыратын өнімдер. Ал бұрын осыған ұқсас  тауарлар шетелден әкелінген. Биыл 6 жаңа инвестициялық жоба іске қосылды. Сәтін салса, жыл соңына дейін бірнеше жоба қанат қағады.

Қайрат ШОРМАНБАЕВ, ӨИИД басқармасы басшысының орынбасары:

- «Qaz Carbon» ЖШС байыту фабрикасының құрылысымен құю өндірісін жаңғыртуды аяқтайды. «Жәке» және «Шанс» шаруа қожалықтары етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту саласында жобаларды іске асыруда. Сондай-ақ «Polymet Solutions Corporation» ЖШС резеңке-техникалық бұйымдар шығаратын жаңа кәсіпорын ашады.

Облысымызда «QazTehna» ЖШС Yutong автобустары мен карьер және жол-құрылыс техникасын шығаратын зауыт ең ірі жоба болып табылады. Кәсіпорын жыл сайын 1 200 автобус пен 500 бірлік арнайы техника және  көлік шығару жоспарланып отыр.Ал «YDD Corporation» ЖШС үшінші пешті іске қосудың арқасында өнім шығарудың көлемін екі есеге арттырады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Өнеркәсіп және индустриялық – инновациялық даму басқармасы ағымдағы жылға жоспарланған жобаларды пайдалануға беруді қамтамасыз етсін. Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау картасын инвестициялық жобалармен толықтыру бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп,  жұмысты күшейтіңіздер.

Аппараттық жиналыс соңында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа инвестициялық жобаларға сәйкес жұмысты жандандырып, бағамды бастамалардың құлашын кеңге сермету керектігін баса атап өтті.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар