ІНДЕТПЕН КҮРЕС

17:08, 30 маусым 2020

Қарағанды облысында COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны көбейіп келеді. Індетті ауыздықтау үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр

Нұра ауданында COVID-19-ды 49 адам жұқтырған. Оның 45-інде індеттің симптомдық белгілері жоқ. 4 тұрғын ғана емханаға жатқызылған. Ауырғандардың басым бөлігі аудан орталығы Нұра аулының тұрғындары.

Аян ШАЛМАҒАНБЕТОВ, Нұра ауданының әкімі:

- Пульмо-провизорлық  орталықтарда пневмония және тұмауға тексерістен өтеді. Орташа деңгейдегі пневмониямен ауыратындар емханаға жатқызылады. Індет өршіп тұрған елді-мекендерде қажетті шаралар атқарылуда. «Ұлттық сараптама орталғының» көмегімен залалсыздандырылды.  Жұқұтырғандар қатынаста болған адамдардың барлығы бақылауға алынды.

Індет өршіп тұрса да аудан тұрғындары бекітілген ережені елемейді екен. Оларды тәртіпке бағындыру үшін, аталған өңір бойынша жұмыс атқаратын мобильді топ құрылған. Оның құрамына жергілікті әкімдік өкілдері мен санитар дәрігерлер және тәртіп сақшылары кіреді. Олар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, еліміздің бас санитар маманы бекіткен ереженің сақталуын қадағалайды.

Аян ШАЛМАҒАНБЕТОВ, Нұра ауданының әкімі:

- Бүгінде мобильді топ 97 нысанды тексерді. Олар қоғамдық тамақтану орындары, шаштараздар, моншалар, дәріханалар. 4 нысанда заң бұзу фактісі анықталды. Олармен сот айналысады. Бұндай жұмыстар жиі жүргізіледі.

Жергілікті билік өкілдері аты жаман вируспен күресе жүріп, ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін күш салуда. Ол бағдарламаның аясында 17 жоба қолға алынып, 340 жұмыс орны ашылған. Оның 167-сі жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы қызметке орналасады. Бағдарлама бойынша Нұра ауданындағы мектептер  мен жолдар жөндеуден өтпек. Көшелерге жарық шамдар орнатылып, су құбырлары тартылады.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар