ИМАМДАР СЕНБІЛІККЕ ШАҚЫРАДЫ

17:49, 25 мамыр 2018

Қарағанды қаласындағы бірқатар зираттардың аумағы сын көтермейді

Бейіт маңайы нағыз қоқыс алаңына айналған. Осыған байланысты шаһарымыздың мешіт өкілдері тұрғындарды 26 мамыр мен 2 маусым күндері өткізілетін сенбілікке шақырады. Толығырақ, тілші жалғастырады.

Айдана ДАСТАН, «SARYARQA» телеарнасының тілшісі

Бұл – құрылыс ауылының жаңында орналасқан зират. Мұнда 2000-нан аса адам жерленген. Алайда, бұл жердің жағдайы сың көтермейді. Көріп тұрғандарыңыздай айнала қоқысқа лық толы.

Зират қорымдарының маңайы құрылыс материалдары мен тұрмыстық қалдықтардан көз ашпай тұр. Бұл қоқыстардың жатқанына бірнеше айдың болған. Бас имамның сөзінше, келеңсіз жағдай жылдан жылға өршіп, қоқыс орындарының көлемі ұлғайып барады. Мұндай көріністі, Соқыр өзенінің бойында  және Майқұдықтағы Доскей ауылында орналасқан бейіттерден де көруге болады.

Өмірзақ қажы БЕКҚОЖА, облыстың бас имамы

Бұл қоқыстың барлығын туған-туыстарын жерлеуге келетін кісілер мен құрылысшылар шашадыү Жалпы, өткен аруақтарға құрмет көрсетіп, зират басын таза ұстау керек. Өтен жылы да осы мәслені көтеріп, тілге тиек еткен болатынбыз.

Мешіттің имамдары мен ерікті азаматтар жылына бір рет аталмыш зираттарды тазалап тұрады. Алайда, құрылысшылар артық қалдықтарды шашып кетулерін әлі де доғарар емес дейді. Оған қоса бейіттен бірнеше шақырым жерге қаладан қоқыс тасталады екен.

Бұдан бөлек, зират басына баратын жолдарды күрделі жөндеуден өткізу мәселесі де өз шешімін таппай келеді. Ойдым-ойдым жолдың жағдайы халықты әдбен әбігерге салған. Ал, көктем айында тіпті жаңбырдың салдарынан жолды шайып кететін көрінеді. Амалсыздан ерікті азаматтар өздері көпір салып алған.

Осыған орай, қасиетті Рамазан айы мешіт имамдары жергілікті тұрғындарды сенбілікке шақырады. Осы шараның аясында зират қорымдарының аумағын санитарлық тазалауға және бейіт басындағы қоқысты жинауға ат салысуларын сұрайды. Естеріңізге сала кетейік, сенбілік 26 мамыр және 2 маусым күндері өтеді.

Айдана ДАСТАН 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰРМЕТТІ ЗАҢГЕР» МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
16:20, 20 маусым 2018
«ҚҰРМЕТТІ ЗАҢГЕР» МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:42, 13 маусым 2018
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...