ХОККЕЙШІ ҚЫЗДАР

16:55, 6 желтоқсан 2018

Қарағандыда алғаш рет хоккейден қыздар құрамасы құрылды. Қазір жас спортшылар аптасына 5 рет жаттығу жүргізеді. Себебі, нәзік жандылар алдарына үлкен жоспар қойған.

Әдетте, хоккей нағыз ерлердің ойыны деп жатады. Мына қыздардан құралған құрама бұл сөзге қарсы екендерін айтады. Жас спортшылар Қарағандыда қыздар командасын құруды алғаш болып қолға алған. Спорттың бұл түрін дамытып, қыздардың да осал шайбашы емес екендігін дәлелдеуді көздейді.

Ангелина  ДЕНИСОВА, хоккейші:

-Спорттың бұл түрі қазір өте танымал және де сұранысқа ие. Барлық елдерде хоккей жоғары бағаланады. Өзіме қызық болғандықтан одан әрі дамытқым келді.

Милена ИВАНИШИНА,  хоккейші:

-Көптен бері хоккеймен шұғылдануды армандап жүрген едім. Өзіміздің спортшылардың барлық ойындарына барып, қадағалап жүретінмін. Енді міне өзім де кәсіби түрде айналысуды шештім.

Жаңа құрамда әзірге  14 қыз бар. Жас спортшылар Қарағандыдағы ашылған жаңа мұз айдынында аптасына 5 рет дайындалады. Хоккейшілердің санын көбейту алдағы жоспар дейді,-жаттықтырушылары.  

Константин СПИЦЫН,  құрамның бас жаттықтырушысы:

-Қатысушылардың жасы әр түрлі. 2013 жылдан бастап  2006 жылға дейінгі қыздар. Олардың көзінде жалын бар. Алдарына үлкен мақсат қойған. Сондықтан да біз жақсы жетістіктерге жетеміз деген сенім мол.

9 жасар Виолетта Тимон командадағы мықты ойыншылардың бірі. Оның айтуынша, хоккей төзімділікті әрі шапшандылықты талап етеді. Өрімдей қыз мұз айдынында биік белестерді бағындыруды армандайды.

Виолетта ТИМОН,  хоккейші:

-Хоккейге менің кішкентай інім баратын. Мен сырттай бақылап, қызықтым. Бірде анам қыздар хоккей құрамасын жинап жатқанын естіп қалып, мені де осы спорттың түріне қатыстыруды шешіт. Мен өте қуаныштымын.

Ендігі, бұл құрамаға турнирге қатысу үшін тыңғылықты дайындық қажет. Айта кетелік, команда әлі де хоккейге қызығушылығы бар қыздарды іздейді.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...