ХАЛЫҚТЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ӨЗЕКТІ

18:07, 5 наурыз 2019

Қазақстандықтар тұрғын үй бағдарламалары жайлы ақпаратты жетік біле бермейді. Бұл «Nur Otan» партиясы жанынан жасақталған жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекшісі Оралбай Әбдікәрімовтың пікірі. Сондықтан маман атаулы бағдарлама төңірегінде «жеке түсіндіру» жұмыстарына кіріскен. Қызметтік сапармен аталмыш топ Қарағандыға да келіп қайтты.

Сара Абенова 6 баланы тәрбиелеп өсірген. Қазір тыл игерген күйеуі қызының екеуі 2 бөлмелі пәтерінде тұрып келеді. 2012-ші жылдан бері кезекте тұрса да, баспана бұйырмаған.  

Сара ӘБЕНОВА, қала тұрғыны:

-Зейнетке шығып, денсаулық сыр берген соң қалаға келдік. 12- ші жылдан бері кезекте тұрсақта бір жылжымай қойды.

Оралбай Әбдікәрімов бүгін әртүрлі жағдайын айтып келген 5 бірдей тұрғынды тыңдап өтті. Оның әрқайсысы жеке бақылауға алынды. Алайда, маман мемлекеттік қызметшілер көбіне азаматтардың арыз-шағымын тыңдай бермейді дейді. Салдарынан тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар жайлы білмейді.

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ, «Nur Otan» партиясының жемқорлыққа қарсы жұмыс тобының жетекшісі:

-Қазір мемлекеттік қызметкерлердің айтып түсіндірмейді, бір ғана жауап кезекте тұрған, аласыз дейді болды. Келген адамға түсіндіру керек. Егер солай болса көп мәселе шешімін тапқан болар еді.

Кез-келген бағдарламаға әр қазақстандықтың қатысуға мүмкіндігі бар екенін естен шығармаған жоқ. Мысалға «7-20-25» бағдарламасын алсақ, пайыздық үстемақысы 7 пайыз, алғашқы жарна 20, ал, қалған қарызды 25 жыл ішінде жауып бітіруге болады.

Дауренбек БАКДАУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар