ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

12:35, 4 қазан 2019

Қаражал қаласына қарасты Жәйрем кентінде халыққа қызмет көрсету бөлімі ашылды. Енді елді мекен тұрғындары қажетті құжат үшін 60 шақырым жердегі шахар орталығына барып әуре болмайды. Орталықта 700-ден астам қызмет түрлері көрсетіледі.

Жәйрем кентіндегі халыққа қызмет көрсету орталығы салтанатты жағдайда ашылды. Айрықша рәсімге жергілікті билік өкілдері, ардагерлер және  қалың қараша жиналды. Бірінші кезекте  халыққа қызмет көрсету бөлімі әлеуметтің сұранысы бойынша ашылып отыр. Енді жәйремдіктер бір құжат үшін  Қаражал қаласына бармайды.

Тілектес ДОСАЕВ, Қаражал қаласының әкімі:

- Жәйрем кентінде халыққа қызмет көрсету орталығын ашу біздің аймақтың қиын-күрделі мәселесінің бірі болып келген. Біздің тұрғындар барлық мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады .Қуанышты күнімен құттықтаймын.Барлықтарыңызға амандық,ырыс береке тілеймін.

Халыққа қызмет көрсету орталығының шарапатын алғаш болып сезінгендердің бірі Смайыл Елеусізов. Зейнеткердің көптен көрген қиындығы  артта қалды.  Кент тұрғыны мекен жай анықтамасын қас –қағым сәтте алып үлгерді.

Смайыл ЕЛЕУСІЗОВ, зейнеткер:

- Қаражалға барып бір күн уақытты жоғалтатынбыз,бір күнде бітпейтін.Ол екі-үш баруға тура келетін. Мінекей 5 минуттың ішінде дайын болды құжаттарымыз.Рақмет.

Халыққа қызмет көрсету бөлімінің  құрал-жабдықтары заман талабына сай. Мұнда өзіне-өзі қызмет көрсету, әлеуметтік қызметтерді жүйелеу секторлары мен көші-қон мамандары  қалтықсыз қызмет көрсетеді. Жалпы Жәйрем кентінде бүгінде 9 мыңнан астам тұрғын бар. Оларға енді  700-ден астам мемлекеттік қызмет түрлері қолжетімді.

Гүлмира СҮЛЕЙМЕНОВА, «Азаматтарға арналған  үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ ҚОФ директорының орынбасары:

-Осы тұрғындардың көп түскен арызы бойынша,сұранысы бойынша .Біз аз ғана уақыттың ішінде осы облыс акиматының қолдауымен ашылдық

Аталған орталықта білікті 7 маман жұмыс жасайды.Орталықтың ашылу салтанатында  сала қызметкерлері  әннен шашу шашты.Айта кетейік Елбасының 5 институционалдық реформасындағы 100 нақты қадамында «Азаматтар үшін  үкімет» мемлекеттік корпорациясын құруға ерекше екпін берілген.Жәйрем кентіндегі елге есігін айқара  ашқан халыққа қызмет орталығы - соның жарқын көрінісі.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар