ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТҚА САЙ АУРУХАНА

13:26, 6 тамыз 2019

Жезқазған қаласының көп салалы ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстары жақын күндері толық аяқталып, қала тұрғындарына пайдалануға беріледі. Енді еммдеу орыны халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсететін болады. 500 орындық мекеме жаңа сипат алып, замануи құрал-жабдықтармен жабдықталады. Бұл облыс орталығынан шалғайдағы қалада емделушілер үшін барлық қажетті процедураларды жүргізуге мүмкіндік береді

Жезқазған қаласының орталық ауруханасында бүгінгі күні 600 адам қызмет етеді. Оның 100-ге жуығы емдеуші дәрігерлер. 500 орындық көпсалалы аурухана мамандары енді жаңаша сипат алған емдеу орнында жұмыс істейді. Бұдан былай шұғыл көмек қажет ететіндер жеке есіктен кезексіз өтеді, орташа көмек қажет ететіндер шұғыл көмекке жүгінеді, ал, жоспарлы емдеуге келгендер сарылып кезекте тұрмайды.

Ғабиден АХАНОВ, орталық емхана басшысының орынбасары:

-Осы қабылдау бөліміне келген соң, бірден осы жерде компьютерлік зертхана өткізіп, қажет болса томография, рентген өткіземіз. Кейін осы жерден емдеудің қай түріне баратынын, қай бөлімге баратынын анықтаймыз. Жұмыстар емделушіге жедел арада көмек көртсетіп, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қабылдау бөліміндегі жұмыстарға емхана есебінен 50 млн теңге бөлінген. Мердігерлер жұмысты мерзімінде аяқтауға кедергі жоқ екенін айтады. 23 негізгі бөлімнен тұратын ауруханадағы жөндеу тамыздың алғашқы жартысында толық аяқталады.

Александр СИДЕНКО, мердігер компания өкілі:

-Біз осы ауруханада 5 жылдан бері ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Сондай-ақ Сәтпаев қаласындағы емханада да жөндеу жүргіздік. Жұмыстарды барынша тиянақты орындауға тырысып жатырмыз. Қажетті құрылыс заттары жеткілікті. Жұмыстар мерзімінде аяқталады.

Атап өткен жөн,қаладағы перинаталдық орталық та облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен осы көпсалалы ауруханаға қосылған. Келер жылы оған да  күрделі  жөндеу жасалайды Бұл ана мен бала денсаулығын жіті тексеріп , дұрыс күтім жасауға мүмкіндік береді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар