Халықаралық конференция өтті

21:06, 18 мамыр 2017

Заң ғылымының теориялық және практикалық жүйелерін дамыту, өзекті мәселелер және оны шешу жолдары ғылыми- практикалық конференцияда талқыланды. Шараны өткізуге ұйтқы болған Қарағанды экономикалық университеті. Оған Ресейдегі заң жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, белгілі ғалымдар мен қазақстандық заңгерлер қатысты

Қарағанды экономикалық университеті –Ресей заң жоғары оқу орындарының қауымдастығына кіреді. Аталған оқу орны -120-дан астам алыс және жақын шет елдердің универсиететтерімен тығыз қарым-қатынаста. Жыл сайын оқу орнына 30-ға жуық ғалым келеді. Соңғы-5 жылда, 4 мыңнан астам студенттер мен оқытушылар әртүрлі елдерде болған. Қарағанды экономикалық университетінде әлемдік сапаға сай «құқықтану» сабағы ғылыми дәрежеде өтуде.

Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ, Қарағанды экономикалық университетінің ректоры

Бүгінгі жиын үлкен қоғамда ұсыныс алады. Біз Россияның ЖОО-дарымен басқа бағытта құқық мамандығын дайындайтын ЖОО-мен 4-5 жыл көлемінде тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Сондықтан бұл бізге өте пайдалы деп есептеймін.

Конференцияға еліміздің және Ресейдің белгілі ғалымдары қатысты. Олардың көпшілігі оқу ордасын жақсы біледі,ғалымдар келіп дәріс те оқыған. Ресей заң қауымдастығы жоғары оқу орындарының президенті Сергей Бабурин, Қарағанды экономикалық университеті әлемнің кез-келген оқу орнынан кем түспейді. Қара шаңырақтың сапалы білімі мен материалдық-техникалық базасы да жоғары дегенді айтты...

Сергей БАБУРИН, Ресей заң жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті.

Біз Қарағанды экономикалық универститетіндегі конференцияға келдік. Бұл оқу орны пост кеңестік дәуірдегі атақты жоғары оқу орындарының бірі.Заң жүйесіндегі мәселелерді осы оқу орнында талқылауымыз бекер емес. Біз бірлесіп әр мемлекеттегі әр елдің мәселелерін  бірге шеше аламыз.

Ресейлік қонағымыз Сергей Бабуриннің оқу ордасымен тығыз қарым-қатынасы жоғары бағаланып, оған  «құрметті профессор» атағы берілді. Қазақы дәстүрге сай иығына оқалы шапан жабылды. Салтанатты кездесуден соң пленарлық мәжіліс басталды. Одан кейін секциялық жұмыстар жүрді. Онда жаһандану дәуіріндегі «конституциялық-құқықтық» ғылымды дамыту  заңды жауапкершілікті арттыру мен жемқорлыққа қарсы заң жүйесін күшейту мәселелері сөз болды.

Виктор БОЕР, Санкт-Петербордағы аэроғарыш университетінің проректоры

Менің конференцияда жасайтын баяндамам, Қазақстан мен Ресейдегі хұқықтық жүйені нақты деректер келтіре отырып салыстыру. Біздің мемлекеттер бір-бірімен ұқсас. Аумағымыз үлкен болғаны мен халқымыз аз, сол себепті келешекте қалай дамимыз осы мәселелер қамтылмақ.

Фархия МОМЫШЕВА, ҚЭУ-дің бизнес және құқық факультетінің деканы

Қауымдастықтың негізгі мақсаты, заң саласына оқытатын жоғары оқу орындарының жауапкершілігін арттырып, оны одан әрі дамыту. Бұл конференцияның берері мол және кез-келген жоғары оқу орны үшін тиімді.

Осындай конференция Қарағанды экономикалық университетінде алғашқы рет өтіп отыр. Ұйымдастырушылар айтуына қарағанда, бұл конференция оқытушылар мен студенттер үшін өте тиімді.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны емес, сапасы маңызды
17:45, 20 қазан 2017
Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны...
Толығырақ...
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпбиінің Қазақстан тарихында алатын орны» атты семинар өтті
17:44, 20 қазан 2017
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпби...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...