ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

17:25, 20 қыркүйек 2019

Кибер-қақтығыстар және ақпаратты қауіпсіздік. Бұл мәселелерді талқылауға IT-компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері жиналды.Теміртау қаласында өткен халықаралық форумда біздің түсірілім тобы да болды

Бүгінде цифрландыру экономиканы дамытудың негізгі трендтерінің бірі. Жаңа технологиялар - бүкіл Еуразиялық экономикалық кеңістіктің басымдығы болуда. Қазақстанда тау-кен металлургия кешені мен өңдеу өнеркәсібінде 200-ге жуық сандық жоба іске асырылуда. Бірақ мұндай технологияларды енгізу тәуекелге де алып келеді.

Нестор КОМАРНИЦКИЙ, "АрселорМитталТеміртау" АҚ қаржы директорының орынбасары:

-Маерск компаниясы бар. Ол көлік тұрғысынан әлемдік экономиканың, әлемдік сауданың 20 пайызына қызмет көрсетеді. 2017 жылы олар 10 күнге толығымен және 2 айға тоқтатылды. Осы мерзім ішінде 300 миллион доллар көлемінде шығын келді. Бұл олардың ақпараттық жүйелерінің тоқтатылуына байланысты болды.

Осы кибер-шабуылдың салдарынан  компания екі апта бойы ескі үлгіде  қағаздармен іс жүргізуіне тура келді. Бұл үлкен және шағын кәсіпорындарда да болуы мүмкін. Ол үшін ақпараттық қауіпсіздікті дамыту қажет. Осы бағытта жетістікке жеткендер халықаралық форумда өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шорман АБЫЛГАЗИН, ISSP компаниясының бизнесті дамыту жөнінде директоры:

-Бізді Ақпараттық қауіпсіздік проблемасын шешу тәсілдері, ұйымдар, тапсырыс берушілер қызықтырады. Форум не береді? Ол ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін дамытуға түрткі болады.

Форум еліміздегі кибер қауіпсіздік пен ақпараттық технологиялардың даму деңгейін талқылаудың өзіндік алаңына айналды.Бұл жерде осы салада білікті кадрларды даярлау тақырыбы қозғалды. Қатысушылардың пікірінше, Қазақстанда олардың жетіспеушілігі байқалады. Жиналғандар кибер-қақтығыстарда мемлекеттердің бірыңғай саясатының жоқтығы туралы да айтты.

Мирас ҚҰТТЫБАЙ, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

-Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі халық үшін де мемлекет үшін де маңызды сұрақ. Бұның Теміртау қаласында өтіп жатқандығы қызық оқиға болып тұр. Негізгі мұндай шаралар Нұрсұлтан Алматы қалаларында өткізілуші еді. Әрине аймақтарда осындай сұрақтың қарастырылуы бұл ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығын көрсетеді.

Форум "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өтті. Оны ұйымдастырушылар - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және Қауымдастық қазіргі заманғы технологиялар және басқару өндіріс. Оған Қазақстан, Украина және Ресейдің ІТ-компанияларының, өнеркәсіптік кәсіпорындары мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар