ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

15:04, 13 мамыр 2019

Қарағанды облысында таэквандодан жасөспірімдер мен ересектер арасында халықаралық чемпионат өтті. Дүбірлі додаға Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен 500 ден астам спортшы сынға түсті

Дәстүрлі турнир биыл 30 мәрте өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша,дүбірлі додаға қатысушылар саны жыл сайын артып отыр. Бұл  жолғы сынға  500  ден астам спортшы келген. Бапкерлер әр елдің таэквандошыларының әдіс тәсілдері әртүрлі дейді.

Нұрбол ИГЕМБАЕВ, бапкер:

-Әр мемлекеттен келген спортшылардан мектеп әртүрлі екені көрініп тұрады. Мысалы Қырғыстан жеңіл стилде жұмыс жасайды, ал Ресейдің әдіс тәсілі мүлдем бөлек. Бұл біз үшін тәржірибе алмасу көзі. Бастысы жеңіс емес қатысу. 

Темірлан Бекбанов жеңіске үміткер талапкердің бірі. 6 жасынан таэквондомен айналысып келе жатқан спортшы бірнеше облыстық республикалық жарыстарда жүзден жүйрік шыққан. Бұл жолы да жеңісті қолдан бермеймін дейді.   

Темірлан БЕКБАНОВ, үміткер:

-Біз күн сайын жаттығуға барып дайындалдық, біліктілік шындадық. Әр техникаға жаттықтыушыларымыз көңіл бөлді. Шынымен бұл біз үшін тәжірбие. Қазірден бастап болашақ қарсыластарымызды біліп, зерттейміз.

Дүбірлі дода 7 салмақ дәрежесі бойынша   жасөспірімдер мен ересектер болып екі топ бойынша  өтті. Асығы алшасынан түсіп жеңімпаз атанғандар ұлттық құрамаға ілікті. Жуырда  Болгарияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Осындай марапатқа ие болғанның бірі Максим Лейкин.

Максим ЛЕЙКИН, жеңімпаз:

-Қарағанды және Алматыдан келген спотшылар ең мықты деп айтар едім. Жарыста 4 қарсыласым болды 4 теуіде Алматыдан. Жалпы осы жолғы жарыста физикалық және психологиялық тұрғыдан үхдік болуға тырыстым.

Екі күн өткен биылғы турнир  облыстық таэквандо федерациясы құрылғанына  30 жыл толу құрметіне  арналды. Осы жылдар аралығында бағындырған белестері биік.

Валерий КОГАЙ, тэквандодан Қазақстанның бас  жаттықтырушысы:

-Қарағанды облыстық  федерациясы Қазақстандағы ең үздіктердің бірі. Ұлттық құрамада негізі қарағандылықтардың біліктілігі басым. 7 әлем чемпионымызбен мақтанамыз.  Азия чемпионаты мен әлем  кубоктарының жеңімпаздары да бар.  

Бүгінде облыста  1500 ге жуық спортшы таэкандомен айналысады. Әсіресе Қарағанды мен Теміртау қаласында осы спорт түрін  жанына серік еткендер көп.

Гүлбақша АҚАЖАНОВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар