ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ БАЙЛЫҒЫ

17:50, 9 қаңтар 2019

Жаңа медициналық орталықтардың ашылуы, емханаларды жаңғырту, саланы сандық жүйеге көшіру секілді біршама жұмыстар атқарылды. Бұл өткен 2018 жылдағы медицина саласындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесі

Аймақ халқының денсаулығын нығайту жолында облыс бойынша 15 мың ақ халатты абзал жан қызмет атқарады. Орта есеппен алғанда бір учаскелік дәрігерге 1850 адамнан келеді деген сөз. Адам өміріне араша тұру жолында олар уақытпен санаспай еңбек етуде. Демографиялық жағдайдың жақсаруын да атап өту керек. Өткен жылы бірден 4 баланың дүниеге келуі жаңалық болды. Жас ана операция жасату арқылы 4 баланы аман-есен дүниеге әкеліп,қуанышқа бөледі. Олар жүктіліктің 28-ші аптасында туылған.

Сәуле АМАНБЕКОВА, облыстық перинаталдық орталықтың директоры:

-Қарағанды облысы бойынша алғашқы рет ай-күні жетпеген сәбилер туды.Біздің білікті дәрігерлеріміз оған ота жасады.Уақыты жетпей туған балалар көбіне әлсіз, әлжуаз болып туады.Сондықтан ота жасауға тура келді.Әрине, 4 баланы бірден дүниеге әкелу оңай емес.

 Облыс жұртшылығы үшін жағымдық жаңалықтың бірі, арнайы мамандандырылған аллергологиялық орталықтың ашылуы болды. Мамандардың айтуына қарағанда, Қазақстан бойынша әрбір 3-ші тұрғын осы дертке шалдығады екен. Сондықтан мұндай емдеу орнының пайда болғаны қазақстандықтар үшін жағымды жаңалықтың бірі.

Меруерт ҒАЗАЛИЕВА, облыстық аллергология орталығының бас дәрігері:

-Біз аллергия дерті бойынша толық зерттеуден өткіземіз.Қажет болғанда қосымша мамандарды тартамыз.Осындай зерделеп тексеруді күндізгі бөлімге жатқызу арқылы жүзеге асырамыз.

Бұл орталыққа балалармен қоса үлкендер де келеді екен. Емхана толық заманауи сандық қондырғыға көшкен. Ол, осы дерттің 200 түрін анықтауға мүмкіндік береді дейді,сала мамандары.Өткен жылдағы тағы бір жағымды жаңалық 1-ші емханада отбасылық орталық есігін айқара ашты. Медициналық мекеме тәулігіне 150 адамды қабылдауға қауқарлы. Онда ультрадыбыстық эндоскопиялық зерттеу жасайтын арнайы кабинеттер бар. 4D бағдарламалық аппарат та іске қосылған.

Роза РАЗИЕВА, №1-ші емхана директоры:

-Медициналық ғимарат заманауий ақпараттық жүйемен толық қамтылған.Жұмыс істеу үшін барлық жағдай бар.Аймақ жұртшылығының денсаулығын нығайту жолында аянбай еңбек етеміз.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Мемлекеттік жекеменшік серіктестігі аясында біршама жұмыстар атқарылды.Біз оларға жер бөлуге мемлекеттік тапсырысқа ұсыныс беруге үнемі қолдау көрсетіп отырымыз.Елбасының берген тапсырмасын орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз. Қазір 21 жобаны жүзеге асырдық.Бұл Республика бойынша жақсы жетістік.

 Қазір аймақта емханалар мен ауруханаларды жаңғырту жұмыстары жүруде

Ержан НҰРЛЫБАЕВ, денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

-2018 жыл аймақ халқын тегін дәрі-дәрмекпен 100 пайыз  қамтамасыз еткен елеулі жыл болды.Осы мақсатқа 12 жарым миллиард теңге бөлінді.Бұл сұрақ осылайша шешімін тапты.Тұрғындар тарапынан арыз-шағым едәуір азайды.  

2018 жылы облыстық медициналық орталыққа ангиографиялық қондырғы  алынып, нейрохирургия және неврология бөлімінің ота жасау кешеніне қойылды. Оның көмегімен аз тілік жасау арқылы тамыр жасушаларына ота жасауға болады. Тағы бір жағымды жаңалық инсульт орталығының ашылуы болды.

Михайл МАЗУРЧАК, облыстың бас жүйке дәрігері:

-Жүйке жүйесінде ақауы бар кез-келген науқасқа көмек көрсете аламыз.Телефон шалу арқылы да жазылуға болады.Науқасты көлікпен жеткізу жағы да қарастырылған.

Өткен жылдың медицина саалсындағы жетістігі №8 емхананың пайдалануға берілуі. Онда, мемлекеттік қызметкерлерді қабылдайтын арнайы бөлімше де бар. Емхана 12 мың адамды қабылауға қауқарлы

 Маргарита ЗАСУХИНА, №8-ші емхана ЖШС-нің бас дәрігері:

-Біздің емхана 20 мың адамды қабылдауға қауқарлы.Өткен жылдың 15 ші қыркүйегінен 15қарашасына дейін 3мыңға жуық адам бізге тіркеліп,бекіді.

Қазір денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмыстары жалғасуда.Алдағы 3 жылда 63 емхана мен ауруханаларды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары қолға алынбақ.Олардың тең жартысының тозығы жеткен 50 жыл бұрын салынған нысандар. Оның ішінде акушерлік-гинекологиялық, хирургиялық және Мақажанов атындағы травматологиялық орталық та бар.

Ержан НҰРЛЫБАЕВ, денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

-Соңғы 10 жылда жөндеу жұмыстарына 17 миллиард теңге қаржы жұмсалды.Оларды қалыпқа келтіру жұмыстары көп шығынды қажет етуімен қоса,құрылыс материалдарының қымбатшылығына байланысты 2тіпті 3 жылға дейін созылуда.

2015 жылдан бері «350 амбулатория салу» жобасы қанат қаққанды.Осының аясында Жаңаарқа, Нұра аудандары мен  Жезқазған қаласында медициналық нысандар бой көтеруде.Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Түгіскен селосында дәрігерлік амбулатория ашылып пайдалануға берілді. Онда, «ана мен бала» бөлмелері ем қабылдайтын, екпе алатын арнайы бөлмелер де бар

Серік ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ, Жаңаарқа аудандық ауруханасының директоры:

-Басты мақсат, Жаңаарқа ауданы бойынша сапалы қызмет көрсету.Жаңа емхана оған зор мүмкіндік беріп отыр.

 Қарағанды облысы бойынша былтыр кешенді медициналық-ақпараттық жүйеге көшу кезең-кезеңімен жүзеге аса бастады.Бұл жанашылдық барлық емдеу мееемелеріне елеулі өзгеріс әкелді.Ілкімді жоба саланы қағазбастылықтан арылтуға зор мүмкіндік берді.Сонымен қатар «DamuMed» қосымшасы да сәтті жүзеге аса бастады.Қазір оның көмегін 30мың тұрғын пайалануда.Бұл сәтті жобаны басқа аймақтарда қолға ала бастады. Медицинаның санды технологияларды сәтті меңгеруіне байланысты жедел-жәрдем қызметі де аңағұрлым жақсара түсті.Көліктер GPS қондырғысына қосылған.2018 жылы жедел-жәрдем қызметі жаңа жүйеде қызмет көрсете бастады.Шақыртулар 4 саты бойынша жүргізіледі.Оның үшеуі бойынша  арнайы мамандандырылған дәрігерлер қызмет көрсетеді.Ал, төртіншісі емханаларда фельдшерлік қызметпен тығыз байланысты

Қанат АСҚАРОВ, облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры:

-Бізде автоматтандырылған диспетшерлік қызмет жұмыс жасайды.Осы арқылы барлық салалар бойынша қызмет көрсетіледі.1наурыздан бастап шақыртулар жаңа саты бойынша қабылданады.Емханаларға науқасты апару үшін, қай емханаға бекітілгенін білуіміз қажет.Қызмет тәулік бойы көрсетіледі.

Өткен жылы,Қарағандыда жұмыс сапары мен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болды.Ол, сапар аясында Қарағанды мемлекеттік университеті жанынан  ашылған көпсалалы емхананың жұмысы мен танысты.Министр білім мен ғылымды тәжірибемен ұштастыру қажет екеніне баса тоқталды.Денсаулық сақтау министрі осындай емханалар әрбір  медициналық университетте болуы керек деп қадап  айтты. Елбасымыз 2018 жылғы Жолдауында медициналық қызметтің сапасын арттыру мен халық денсаулығын нығайтуға барынша назар аударды. Президент 2020 жылдарға қарай электронды денсаулық төлқұжаттарын әзірлеуді де қадап тапсырды. Бұл өз кезегінде науқастардың  кезекке тұруын  едәуір азайтып, медициналық қызметтің сапасын аңағұрлым арттырары сөзсіз   

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар