ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

16:30, 16 сәуір 2018

Ғылым - білім - өндіріс.Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңес отырысы осылай аталады

Оған жоғары оқу орындарының ректорлары және  ғалымдар қатысып, көкейдегі ойларын ортаға  салды.Тағы қандай өзекті  мәселелер көтерілді?

Кеңесте білім, ғылым және бизнес байланыстары арқылы инновациялық технологияларды енгізу мен бірегей жобаларға қолдау көрсету мәселелеррі қаралды. Бұл  аймақ жетекшісінің төрағалығымен өткен ғылыми-кеңесте  талқы-тарзысына салынды.  Келелі кездесуге ғалымдар, университет ректорлары мен ғылым және бизнес қорының өкілдері қатысты.

Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды ​​облысының әкімі

Алғашқы  кездесуде мен бірқатар нақты тапсырмалар бердім, бұл ғылым  мен бизнеске қатысты болды

Жаңа технологияларды одан әрі дамыту үшін жоғары оқу орындары мен өндіріс орындарына бірлескен жұмыс жобасы қажет. Бүгінгі таңда 36 жобаны тәжірибеде қолдану қарастырылуда. Мұны  университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары ұсынып отыр. Бұл бірегей бастамалар өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өндеу, энергетика және  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мен  метрология мәселелеріне арналған.

Ғалымжан  ЖҰМАСҰЛТАНОВ өнеркәсіп және индустриялық–инновациялық даму басқармасының басшысы 

Сондай-ақ, кәсіпорындардың ұсыныстары бойынша біз 24 проблемалық мәселелердің тізімін құрдық.Олар жаңа технологияларды еңгізуді талап етеді. Бұл қара және түсті металлургия, тау-кен және геология саласында.Сонымен қатар,еңбек өнімділігін арттыруға және өнеркәсіптік қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар тізбесі болып, осылайша жалғаса береді. 

 Ілкімді өнеркәсіптік жобалар, өндіріс саласына еңгізіледі,-деді ғылыми кеңес отырысына қатысушылар.

Бақтияр ҚЫРЫҚПЫШЕВ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқару кеңесінің бас  директоры

Металдар мен кенді техногендік шикізатты тікелей алу технологиясы қолға алынды.Бұл,ҚарМТУ – дің ұсынысы. Ол қажет  компоненттерді  қоқыстардан және қалдықтардан ажыратып алуға мүмкіндік береді.Және шикізатты өндеп шығаруға  тиімді.
Жоғары оқу орындарының өкілдерінің айтуынша, бүгінде ғылым мен бизнестің  бірлескен жұмысы белсенді түрде жүріп жатыр. Оны, одан әрі дамыту үшін білім беру мекемелері жаңа инновациялық жобаларды әзірлемек.
Аристотель ИСАҒҰЛОВ  ҚарМТУ-дің проректоры

Жоғары сапалы шикізат өнімінен ұнтақ әзірлеу, және металл құймаларын алу технологиясы тиімді.  Бұл, технология газдандыру саласына қолданылмақ. Технологияны «Қазақмыс» коорпороциясы жүзеге асыруда.

Кеңес сондай-ақ, ғылым қоры қаржыландыратын жобаларды талқылады. Соңғы екі жылда жеті миллиард теңгеге 96 жоба әзірленген.  Олардың 9-ы Қарағанды ​​облысында  ұсынылған
 Әнуарбек СҰЛТАНҒАЗИН «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы 
Алғашқы жоба  пайдалануға дайын, ол «Асфальт технологиясы»Екінші жобаны «Фитохимия» ЖШС ұсынды. Түпнұсқа жаңа иммуномодуляторлық   препаратты қолдануға бағытталған.  
Кеңес отырысы барысында, Қарағанды ​​облысының әкімдігі мен ғылым қоры арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар