ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ТЕТІГІ

16:27, 23 тамыз 2019

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де үш күндік арнайы полимерлер бойынша 8-інші халықаралық симпозиум басталды. Ғылыми саланың өрісін кеңейтуді мақсат еткен жиынға білімі мен ғылымы дамыған әлемнің озық он елінің ғалым- профессорлары қатысуда

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры Азамат Едрисов халықаралық жиынды ағылшын тілінде ашып, шет елден келген делегаттармен еркін пікір-алмасуға мүмкіндік жасады. Симпозиумға Жапония, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Финляндия, Ұлыбритания, Чехия, Германия мен АҚШ-ның білікті, тәжірибелі ғалым, профессорлары арнайы келген. Ғылыми-зерттеу жобаларының жүзеге асуын мақсат еткен жиында ректор Азамат  Тіржанұлы ЖОО-ның әлеуетін арттырып, әлемдік көштен қалыспау заман талабы деген ой түйді.

Азамат ЕДРИСОВ, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ректоры:

-Біздің ойымызша, ҚарМУ Қазақстанның ғалымдарына, жас мамандарына бұл үлкен маңызға ие деп есептеймін. Енді, өздеріңіз білесіздер, қазір полимер пакеттен, мұнай өндірістерінен  барлық жерге енгізіп отыр.

Шет елден келген делегат мүшелері мұнайды бұрғылауға, өндіруге және өңдеп, тасымалдауға арналған табиғи және синтетикалық полимерлерге тоқталды. Биотехникалық және медициналық аспектілеріне тоқталған ғалымдар арнайы технология әзірлеудің алғы шарттарын да талқыға салды. Финлияндия елінің әлемге танымал Хелсинки университетінің профессоры Хеикк Тенху да сөз алып, осымен сегізінші мәрте өткізіліп отырған жиынның маңыздылығына тоқталды.

Хеикк ТЕНХУ, Хельсинки университетінің профессоры /ФИНЛЯНДИЯ/:

-Білім мен ғылымда шекара жоқ. Финлияндиялық әріптестерім Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушыларының жаңашылдыққа, жаңа мүмкіндіктерге бейім екенін үнемі мақтанышпен айтады. Әлі үш күн ішінде, Қазақстанның ғылыми жетістіктерімен ғана емес, табиғи әсемдігімен де кеңінен танысамыз. Мен үшін бұл симпозиумның маңызы айрықша.

Күн энергетикасы мен нанофотоникадағы полимерлердің рөлін зерделеу де жиынның басты тақырыбы болды. Енді, он елдің озық педаог, ғалымдары Қарқаралы ауданы «Тасбұлақ» курорттық аймағын екі күн бойы аралап, ғылыми тақыраптарды қамтыған симпозиумдарды өткізбек ниетті.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар