ГРУЗИЯДАН ОРАЛДЫ

13:00, 12 шілде 2017

«Аяла» көркем би ансамблі Грузия елінде өткен «Золотое руно» халықаралық фестивльден жеңіспен оралды. Көрермен өнер ұжымының дайындаған қойылымдарын ерекше ықыласпен қабылдапты. Байқаудың қорытындысы бойынша жерлестеріміз 700 қатысушының арасында үздік атанған

Қаламыздағы 66-шы мектептің «Аяла» көркем би ансамблі «Золотое руно» халықаралық байқауға бір жыл бойы дайындалған.  Бишілердің еңбектері де зая кетпеді. Олар 700 қатысушының арасында үздік атанып, бас жүлдені жеңіп алды. Фестивальде өнер ұжымы қазақтың 4 ұлттық биін қойыпты. Әр би  өзіндік мән мағынасымен ерекше.Бишілердің  киім үлгілері де көз тартарлық.   Ансамбльдің  репертуары бай.  Дегенмен  ұлттық биіміздің орны бір төбе, дейді ансамбль жетекшісі. 

Татьяна САВЕЛЬЕВА  «Аяла» би ансамбльінің жетекшісі

- Жаз бойы біз күніне 3 сағаттан дайындалдық. Елімізді әлемге танытып отырған соң таңдаған репертуарға да үлкен мән бердік.  Шынымды айтсам Қазақстанның өзге де аймақтарының дайындығы нашар болды. Сондықтан Қарағанды қазақтың нағыз ұлттық биін жоғары деңгейде көрсетуге тырыстық

Биыл «Аяла» көркем би ансамбліне  18 жыл толып отыр.  Өнер ұжымы Франция, Германия, Италия, Турция елдерінде өткен фестивальдердердің  жүлделі орын иегерлері. Қазір оның құрамында 18 биші бар.

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Облыс орталығында сары ауру белең алды
17:40, 17 қаңтар 2018
Облыс орталығында сары ауру белең алды
Толығырақ...
Саран  қаласында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп,шағын аудандар қайта қалыпқа келтіріліп, химия өнеркәсібін дамыту қолға алынады
16:14, 17 қаңтар 2018
Саран қаласында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп,шағын ауданда...
Толығырақ...
Израилдік бірегей технологиялар Қарағанды облысына енгізілмек
16:09, 17 қаңтар 2018
Израилдік бірегей технологиялар Қарағанды облысына енгізілме...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жас ғалымдар Қарағанды қаласының білім саласындағы соңғы жетістіктерін халық қалаулыларына көрсетті
12:45, 11 қаңтар 2018
Жас ғалымдар Қарағанды қаласының білім саласындағы соңғы жет...
Толығырақ...
Өңірімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар біршама азайған
12:46, 11 қаңтар 2018
Өңірімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар біршама азайған
Толығырақ...