GGG-ға ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК!

16:27, 14 қыркүйек 2018

Қарағандылық әйгілі боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің шарша алаңдағы кездесуі 16 қыркүйек күні сағат 7:30 минут кеткенде басталады. Бәсекелі жекпе-жек Қарағанды қаласында 3 LED экранда көрсетілмекші. Бұл Кеншілер мәдениет сарайы, Жаңа Майқұдық мәдениет үй және Достық үйінің алаңы

Биылғы жылдың басты жекпе жегі Лас-Вегстегі үлкен аренада өтеді. Геннадий Головкинмен Сауль Альварестің  кездесуін әлемдегі спорт сүйер қауым асыға күтуде. Себебі, орта салмақтағы әлем чемпионы анықталады.

Дүбірлі дода 15-інен 16 қыркүйекке қараған күні өтеді. Геннадий Головкин мен Альварс шаршы алаңға  Астана уақытымен 16 қыркүйек күні 8.00-дің шамасында шығады деп күтілуде. Жекпе жекті қазақстандықтар тікелей эфирден «QazSport» және «Qazaqstan» телеарналарынан тамашалай алады.

Бокс кешінде Головкин мен Альварстен басқа да жекпе жектер өтеді. Әсіресе,  4 келі салмақтағы бұрыңғы әлем чемпионы Роман Гансалес пен мексикандық  Мойсес Фуэнтес арасындағы бәсеке қызықты болады  деп күтілуде.  Ал, алдағы дода да  Головкин барлық белбеуін бәске  салады. Естеріңізге саламыз, қос спорт жұлдызының алғашқы жұдырықтасуы 2017 жылы  қыркүйекте өтіп, нәтижесінде тең түскен болатын. Сондықтан, қарымта кездесуге дайындық 1 жылға созылды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...