ҒАРЫШКЕРЛЕР ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

12:46, 4 қазан 2019

Бүгін Союз МС-12» ғарыш кемесінің экипажы жерге оралды. Ғарышкерлерді қаламыздағы «Сарыарқа» әуежайында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қарсы алды. Бұл жолғы экипаж құрамында космосқа алғаш сапар шеккен БАӘ ғарышкері Хазаа аль-Мансуриде бар

Бұл жолғы экипаж құрамында болған Алексей Овчинин мен астронавт Ник Хейг ғарыш айлағында 200 ден астам күн болып, бірқатар ғылыми жұмыстар жүргізген. Мамандар ғарышкерлердің барлық тапсырманы сәтті орындағанын айтады. Өз кезегінде облыс әкімі ғарышкерлерді «Сарыарқа» жеріне оралуымен құттықтап, қазақтың салты бойынша шапан жапты.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,Қарағанды облысының әкімі:

  • Қарағандылықтардың алғашқы болып ғарышкерлерді қарсы алуы жақсы дәстүрге айналды. Кезекті 60-шы миссияларыңыз сәтті аяқталды. Бірінші кезекте мықты денсаулық тілеп, отбасыларыңызға аман-есен жетулеріңізге тілектеспін.

Атап өткендей, бұл жолы экипаж құрамында БАӘ-нің астронавты Хазаа аль-Мансуриде бар.  Ол осы сапарынан кейін өз елінің алғашқы ғарышкері атағына қол жеткізіп отыр. ХҒС-да ол 8 күн бойы болып, ғылыми жұмыстар жүргізді.

Хазаа АЛЬ-МАНСУРИ, БАӘ астронавты:

  • Расына келгенде елімнің алғашқы ғарышкері болғаныма қуаныштымын. Бар жиған тәжірибеммен осы салаға қызығушылық танытқандармен бөлісетін боламын. Менің жанымды қуаныш кернеп тұр. Шынымды айтсам халықаралық ғарыш станциясында тағы біраз уақыт болғым келеді. Алдағы уақытта бұл жоспарым жүзеге асады деп сенемін.

Өз кезегінде ғарышкерлерде қонақжай Қарағанды жеріне алғыстарын білдіріп, Сарыарқа жерін «көк пен жердің арасындағы байланысатын жол» -деген бағасын берді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар