ҒАРЫШКЕРЛЕР ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

17:44, 25 маусым 2019

Бүгін Союз МС-11» ғарыш кемесінің экипажы Жезқазған қаласынан 148 шақырым 6-ауданға жерге сәтті қонды. Ғарышкерлерді Қарағандыдағы «Сарыарқа» әуежайында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Сәбит Оспанов қарсы алды.басшысының орынбасары

Ғарышкерлерге  сый-сияпат тарту етіп, қала басшысының орынбасары сапарларының сәтті аяқталуымен құттықтады.

Сәбит ОСПАНОВ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-Қасиетті қазақ жеріне, Сарыарқа төріне қош келдіңіздер. Қарағанды даласы аспан әлемін игеру басталғаннан бері, ғарышкерлерді қарсы алған киелі мекен. Сол дәстүр жалғасын тауып отыр, бүгін өздеріңізбен жүздесіп отырмыз. Қадамдарыңыз құтты болсын.

Еске сала кетсек, бұл экипаждың құрамында  ресейлік Олег Кононенко, канадалық Дэвид Сент-Жак және американдық Энн Макклен болды. Олар халықаралық ғарыш станциясында 7 ай ғылыми тәжірибелер өткізіп, зерттеулер жасады. Ғарышкерлер сапар барысында 5 ғарыштық жаттығу орындаған.  Оның екеуі ресейлік бағдарлама бойынша,  қалған үшеуі Американдық тапсырма. Бұл тәжребиелер ашық ғарышқа шығу кезінде  орындалған.Сондай-ақ, манипулятордың көмегімен МКС бортынан кішігірім спутниктер шығарылып, «Прогресс» жүк кемесінің қозғалтқыштары арқылы станция орбитасы көтерілді. Айта кету керек, ғарышкерлер ғарышқа 2018 жылдың желтоқсан айында  аттанған болатын.

Николай СЕВАСТЬЯНОВ, Ресей Федерациясының құрметті  конструкторы:

-Бүгінде ғалымдармен үлкен ғылыми жоба жасап жатырмыз. Алдағы уақытта бұл жобаны қазақ елінің ғалымдарымен одан әрі  іске  асырсақ ба деген айдамыз. Бүгін ғарышкерлеріміз жерге  өте сәтті қонды. Арнайы құтқарушылар  уақытында келіп, аман-есен ғарышкерлерімізді қарсы алды.

Анар ҚАНАТҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар