Футзалдағы футболдан әуесқойлар арасында жалауын желбіреткен Қазақстан чемпионаты өткен жексенбі де өз мәресіне жетті

17:59, 12 ақпан 2018

Жарыста астананың «Бірлік» командасы жеңімпаз атанды

Кенді өңірдің «Биосфера» клубыда жүлдеден шет қалған жоқ. Жерлестеріміз қола медальды қанжығасына байлады. Шағын футболдан әуесқойқойлар әдемі ойын өрнегін көрсетті.  Тартысқа толы кездесу жанкүйерлердің делебесін қоздырып, дегбірін қашырды.Ал ақтық сында  қос команда алтын мен қол медальдарды сарапқа салды. Матчтың шешуші кезеңінде үшінші орынды астаналық «ҚазАэроНавигация» командасы мен Қарағандының «Биосфера» клубы өзара бөлісті.Қола медальды қанағат тұтқан  жерлестерімізді «Тұлпар» футзалында  бапкерлері жаттықтырған болатын.

Владимир КРАВЧЕНКО «Биосфера» ФК бас бапкері  / Қарағанды қаласы /

Былтыр чемпионат  Астанада  бірінші  рет өткізілді.  Сол сайыста шәкірттерім   8 орынға табан тіреді.Биыл өкінішке қарай жартылай финалда «Бірлік» командасына жол бердік. Қысқасы қарсыластар  қапы қалдырды.

Бәсі жоғары чемпионатта Елордаданың намысын қорғаған  «Бірлік клубы» ойынның басты фаворитіне айналды. Мұндағы  әуесқой футболшылардың дені «Тұлпар» командасының сапындағы бұрынғы ойыншылар. Алайда астаналық жаттықтыршыға кездесуді алдын ала болжау оңайға соқпады.  

Болат КАМИТОВ «Бірлік» ФК  бас бапкері  /Астана қаласы /

Команданың арасында      Қарағанды, Астана және  Қостанай  қалаларының оғландары бар.  Ойыншылардың сынға түскеніне бес жылдың жүзі болды. Алдағы жарыстарға жүйелі жаттығу жүргізуді жалғастырамыз.Жартылай финал біз үшін сәттілік алып келді.Үздік шығып өзгелерді шаң қаптырдық.

Үшінші орынға таласқан «Биосфера»  ойыншылары  «ҚазАэроНавигация» командасын 4: 0 есебімен ұтты.Сонымен қатар «Бірлік»  өз кезегінде «Зенит» клубын  3: 0 есебімен  ойсырата  жеңді. 

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Биыл Қарағанды облысында 1000-нан астам тұрғын қоныс тойын тойлайды
20:35, 23 ақпан 2018
Биыл Қарағанды облысында 1000-нан астам тұрғын қоныс тойын т...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды
12:50, 20 ақпан 2018
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан сурет...
Толығырақ...
Жедел жәрдем қызметі енді жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
16:38, 21 ақпан 2018
Жедел жәрдем қызметі енді жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Толығырақ...