ФУТЗАЛ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

13:29, 24 қыркүйек 2019

Қарағандыда шағын футболдың жазғы маусымы аяқталды. Бірінішілік және облыс кубогының жеңімпаздары анықталды. Жалпы турнирге барлығы 67 команда қатысқан болатын

Бұл финалдық кездесу. Санаулы минуттардан кейін облыстың үздіктері анықталады. Ала жаздай еткен еңбек пен төккен тердің нәтижесін жанкүйерлерде тағат тауысып күткен еді.

Ақтық сында «Жалын» командасына сәттілік серік болды. Бос уақыттарын футболға арнайтын бұл жігіттердің мамандықтары өрт сөндірушілер. 

Серік ҚАБАЖАНОВ,  «Жалын» командасының капитаны:

-Жалын командасының құрылғанына 3 жыл болды. Мұнда облыстағы  өртке қарсы қызметтің өкілдері іріктелген.Ойын өте тартысты болды. Пенальти арқылы жеңімпаз атандық. Біздің жігіттер ойын барысында төзімділік танатып жеңіске деген жігерлерін анық көрсете білді. 

Жазғы кубоктан бөлек  шағын футболдан облыс біріншілігіде өз мәресіне жетті. Бұл бәсекеде облыстың барлық аймағынан командалар өтініш білдіріп қатысқан болатын. 7 жас ерекшелігі бойынша бірнеше топқа бөлген соң үздіктер анықталды.

Ислам ӘШІМ, «ЖасСтар»  командасының капитаны:

-Біз жақсы ойнадық. Еншімізде екінші орын бар. Ең мықты ол жастар командасы. Алайда біз олармен 2.2 болып тең түскен едік.

Ой еркіндігі және жылдамдық. Бұл футболдағы ең негізгі қасиеттер. Бәлкім осыдан болар әлемдегі номер бірінші спорт саналады. Қалалық маслихаттың депутаттарыда осы ойды ұстанады.

Ойрат НҰРҚАЗОВ, Қарағанды қаласының мәслихат депутаты:

-Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын. Балғын спортшыларға айтарым халық аралық деңгейге шығып ел намысын абыроймен қорғасын. Менің ойымша осы спорт кешенінен көптеген жеңімпаздар чемпиондар шығатын күндер алда.

Маусым соңы жеңімпаздар арнайы сый сияпаттарға ие болды. Турнирдің үздік ойыншыларына демеушілер атынан арнайы сыйлықтар тағайындалды. Енді командалар қараша айында қысқы маусымда қайта қауышады.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар