ФУТБОЛДАН ОНЛАЙН – ТУРНИР

16:31, 4 тамыз 2020

Қарағанды облысында футбол әуесқойлары үшін онлайн турнир өтеді. Жарысқа кез-келген тұрғын қатысып, тәжірибесін шыңдауына мүмкіндігі бар

Облыстық турнир онлайн режимде өтеді.  Теңбіл доп әуесқойларына қойылатын талап қатаң. Яғни, допты жерге түсірмей тың тактикаларын көрсетуі керек.   Мұның барлығын ашық аспан астында жасауы тиіс. Сондай-ақ бейнекамераға жазып алуы шарт.   Тапсырманы орындамас бұрын қатысушының аты-жөні мен жасы айтылады. Бейнероликтің ұзақтығы-бір минут. Онда уақыт басты назарға алынады. Роликті монтаждауға және үзіліс жасауға рұқсат жоқ.   Жарыс ережесіне сай , жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топқа бөлінген.  Атап айтқанда: 10 жастан,14 жасқа дейін, 15-тен, 18 жасқа дейін және 19 жастан жоғары топ. Жарыс қортыныдсында допты ауада көп ұстап тұрғандардың саны есепке алынып,  әр топтағы  жеңімпаздар мен жүлдегерлер  марапатталады.  Аталмыш турнирді – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен  футболдан "Жастар"олимпиадалық резерв мектебі ұйымдастыруда. Бейнероликтер 3 мен 5-ші тамыз аралығында қабылданады.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар