ӘУЕНДІ САРЫАРҚА

15:54, 12 қазан 2018

Қарағандыда «Әуенді Сарыарқа» халықаралық музыка фестивалі басталды. Биыл музыкалық шара 20-шы мәрте жалауын желбіретті. Бағдарлама 4 күн бойы жалғасып, АҚШ, Әзірбайжан, Өзбекстан,Түркіменстан, Қырғызстаннан келген өнерпаздар ән салады. Шара басында дәстүр бойынша жұлдыздар аллеясында тағы бір өнерпаздың аты жазылды

Дауылпаз үні Қарағанды жұлдыздар аллеясында кімнің аты жазыларынан хабар беріп тұрғандай. Ол Қарағандыда туды, өсті, білім алды. Қанаты қатайған шақта аты алашқа мәлім болып шыға келді. Енді міне туған жердің ыстық ықыласына бөленіп отыр. Сөзге дәлел, кеншілер мәдениет үйі өнерсүйер қауымға лық толды.

Жандос ӘБІШЕВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Қанат Ахметов мұндай құрметке әбден лайық азамат деп білемін. Ол бүгінгі "әуенді Сарыарқа" фестивалінің негізін қалаушылардың бірі. Және көркемдік жетекшісі болып табылады.

Қанат Ахметов о баста әдеттегідей кеште дирижер боламын деп келіпті. Ал, кештің басты қонағы болып аты тасқа қашаларын тек күні кеше білген. Толқынысын жасырған жоқ.

Қанат АХМЕТОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер:

-Қарағанды облысы маған үлкен құрмет көрсетіп отыр. Мен осында тудым, оқыдым, осында бас дирижер болып істедім. Мына Сарыарқа фестивалі өте жақсы басталды.

Қарағандыдағы алғаш дирижер атанған тұлғаны жерлестері зор қошеметпен қарсы алды. Көп балалы отбасынан шыққан өнерпаз бұл атаққа тек еңбектің арқасында жеткен. Қазір ол мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ, тілші:

-Қарағандылықтар 20 жыл бойы тек қазақстандық қана емес, тіпті шетелдік өнерпаздардың саф өнерін тамашалап келеді. Ал бүгінгі әуен бұрынғыдан тіпті өзгеше.  Себебі Қанат Ахметов әр сұқбатында Қарағанды менің жүрегімде дейді. Енді ол қарағандылықтар жүрегінен орын алады, себебі жұлдыздар аллеясында Қанат Ахметов есімі алтын әріппен қашалып жазылды.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...