ӘСКЕРИЛЕР ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

16:39, 4 қыркүйек 2019

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы 6505 әскери базасында талқыланды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов әскерилерге жолдау маңызын пысықтап, құжатта көтерілген негізгі мәселелерді атады. Жиынға Ұлттық Ұланның 12 әскери бөлімінен келген барлығы 60 адам қатысты

Сап түзеп, қару асынған Отан қорғаушылар сапында нәзік жандылар, көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері, баспанаға мұқтаж жанұялар бар. Алдағы уақытта олардың барлық мәселелері оңтайлы шешім табады деп күтілуде. Ол үшін Ұлттық Ұлан басшылығы арнайы бағдарлама дайындап жатыр. Жаңа жоба аясында ел қорғаушылары штатында біршама өзгерістер болуы мүмкін. Кей әскери бөлімдерде жұмыс орыны артып, өзгелерде керісінше қысқарады. Ал, жауапты қызметкерлерге баспана үшін төленетін қаржы жалғасын таба бермек. Сондай-ақ, ұландар біліктілігін арттыру мақсатында қосымша сабақтар өткізіледі.

Мұхаметқали САТОВ, ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор:

-Бағдарламаны қазір үш жылға бекітсек, материалды - техника жақтан жаңа көлік, қару - жарақтар алу үшін, Ұлттық ұланның міндетін орындау үшін мобильділікті көтереміз.

Ел тыныштығын күзетіп, ашық аспанның кепілдігіне айналған әскери қызмет жауапты мамандықтар ішінде көш бастап тұр. Сондықтан аталған сала өкілдерінің әлеуметтік сұрақтарын шешу маңызды. Жас әскери қызметкерлер жолдаудың тиімді тұстарын атап өтті. 

Гүлден БАУЕНОВА, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі штабының аға маманы, кіші сержант:

-Зейнетақы қорын тиімді пайдалану,яғни білім саласына және тұрғын үй мәселелерін шешуге ұсынды. Жалпы бұл қағидамен өзім толықтай келісемін.

Ел сенімін абыроймен ақтап жүрген Ұлттық ұлан қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қадағалауда және төтенше жағдайлардың алдын алуда қосқан үлесі орасан зор. Алдағы уақытта Президент тапсырмасына сәйкес, Қорғаныс министрлігінің қарулы күштерін нығайту жұмыстары әскери бөлімдерде тыңғылықты жүреді.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар