ӘСКЕРИЛЕР МЕН ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ЖАҢА КӨЛІК ТАПСЫРЫЛДЫЮ

17:45, 4 мамыр 2019

Бүгін Қарағанды облысының әкімі құтқарушылар мен әскери қызметкерлерге қорғаныс саласына арналған көліктердің кілтін табыс етті. Аймақ басшысы су тасқынын жоюға белсене қатысқан жеті офицерді Алғыс хатпен марапаттады.Қызметте қырағы, антына адал азаматтармен біз де тілдестік

Су тасқынын жоюға  жұмылдырылған төтенше жағдай департаментінің төрт маманы  мен 52859 әскери бөлімшесінің 3 қызметкері бүгін облыс әкімінің қолынан Алғыс хат алды. Бұл күні Аян Райымбековтің де еңбегі еленді. Ол көктемгі тасқын  судан келген қауіптің алдын алу үшін  барлық аудандарға барып көмектескенін .Қырағы құтқарушы жасанды бөгеттерді  бекіткен.

Аян РАЙЫМБЕКОВ, облыстық ТЖД байланыс бөлімінің бас маманы:

-Жедел штаб құрылған болатын.Оқыс оқиға орын алғанда ол жерге офицерлер жедел жетті. 

Мамандардың айтуынша биылғы ертінді қар суы өткен жылмен салыстырғанда 80 пайызға көп болған. Бірақ, ешқандай елді мекенді су алмаған Бұл төтенше жағдай департаментінің  мамандары мен  сарбаздардың тыңғылықты  жұмысының нәтижесі,- дейді жауаптылар.  

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Сіздер адал еңбек жасап жатсыздар.Жұмыстарыңыз күнделікті ерлікті талап етеді.  Жұмыстарыңыз күрделі деп айтуға болады.

Мемлекеттің материалдық қорынан  төтенше жағдай департаменті мен Ұлттық «Ұлан»   гвардиясына құтқарушы және инженерлік техника бөлінді. Арнайы жол талғамайтын  көліктердің  ішінде  автоцистерна,  трейлер  эксковатор және бульдозер, жолаушылар автобусы мен  вахталық автомобиль бар.

Мұрат ҚАТПАНОВ, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

-Мамандар жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды.Дегенмен техникалар жеткіліксіз.Осыған байланысты өтініш жібергенбіз.

Арнайы техникалар паркі жаңа көліктермен жыл сайын жабдықталып отырады. Әйтседе құтқарушылар машинасы аса қажет.Жалпы облыстық төтенше жағдай департаментінде қазір  40  техника бар. Осылайша құтқарушылар мен әскерилер  замнауи көліктермен қатар  шатырлы далалық лагерьге ие болды.   

Құтқарушылар мен әскерилерге заманауи көліктермен бірге 7 палатка берілді. Далалық лагерь  тамақтану пункті және   алғашқы медициналық көмек көрсететін штаб орталықтан тұрады. Шара соңында құтқарушылар облыс әкіміне  дене шынықтыру жаттығуларын көрсетті.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар