ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫ

16:29, 13 маусым 2018

Облыс әкімі Ерлан Қошанов ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» аймақтық қолбасшылығының №6505 әскери бөлімінде болып қайтты. Ол әскери техниканы қарап, қоғамдық тәртіп қорғаушыларының жағдайымен танысты

«Орталық» аймақтық қолбасшылығы еліміздегі қызметтік-жауынгерлік міндеттерді атқару және жеке құрам саны бойынша ең ірі болып табылады. Әскери борышын өтеушілер маңызды мемлекеттік нысандарды күзетіп, лаңкестік әрекеттерге қарсы операцияларға қатысады. Бір сөзбен айтқанда  қоғамдық тәртіптің қорғалуын қамтамасыз етеді.

Жандос  ҚҰЛБАЕВ,  6505 «Орталық» АҚ әскери бөлімі командирінің орынбасары:

 -Біздің әскери бөлім  түзету  мекемелерін күзетеді. Сотталғандарды тасымалдап, колонияның ішкі тәртібін де қадағалайды. Біздің бөлімге «Бүркіт», 54 те 51 әскери бөлімі мен азаматтық қорғаныстың жартысы азаматтық борышын өтеу үшін келді.

Жыл басында мұнда акт залы, кітапхана, мұражай, психологиялық жеңілдену бөлмесі, мемлекеттік тіл кабинеті бар мәдени-ойын сауық орталығы ашылған болатын.

6505 әскери бөлімшесінде атақты жерлесіміз, танымал боксшы Геннадий Головкин Отан алдындағы борышын өтеген. Сондықтан, салауатты өмір салтына да үлкен мән беріледі. Жуықта мұнда заманауи спорт зал ашылады деп күтілуде.

Қанат ДОС,   «Орталық» АҚ баспасөз қызметінің бастығы:

-Облыс әкімі және облыс басшылықтары біздің Ұлттық Ұлан қолбасшылығына келуі осындай іс-шараға қатысуы бірінші рет емес. Бүгінгі негізгі табан тіреу мақсатты бұл әскери бөлімнің жауынгерлік қызметтімен танысу.

Жалпы гарнизон аумағындағы 6 нысан күрделі жөндеуден өткізілген. Әскери лазарет те қайта қалпына келтіріліпті.  Күн сайын тек бір ауысымның өзінде «Орталық» Аймақтық қолбасшылығының 2500 әскери қызметкерлері жауынгерлік борышын абыроймен өтеуге  шығады.

Райхан САЙРАНБЕК 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
16:33, 16 тамыз 2018
ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар