ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ

13:36, 12 тамыз 2019

Қарағандыда белгілі қоғам қайраткері Балапан Әбеновты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Дәстүрлі доп додасына облысымыздың әр аймағынан 10 команда қатысып үздіктер анықталды

Жарыстың ашылу салтанатына Балапан Әбеновтың көзкөрген жора жолдастарымен туған туыстары арнайы келді. Олар балғын спортшыларға сәттілік тілеп естеліктерімен бөлісті. Өнегелі өмірі көпке үлгі боларлық Балапан Әбенов прокуратура органдарында, құқықтық салада табысты еңбек ете білген аптал азамат болатын.

Ерғазы ТӨЛЕУ, Б.Әбеновтың ағасы:

-Ол өзіде спортқа жақын азамат еді. Спортшыларғада әрдайым қолдау көрсетіп демеу болып жүретін. Бүгінгі жарыс арқылы осындай азаматтың есімін өшірмеу өскелең ұрпаққа үлгі ету болып табылады.

Балапан Әбеновты еске алуға арналған облыстың ашық біріншілігі биыл осымен екінші мәрте ұйымдастырылды.Айтулы жарыс 2004-05 жылдары дүниеге келген жассөпірімдер арасында өтті.

Балғабай НҰРЛАНОВ, жарыстың төрешісі:

-Бұл жарыс тек қана алыс жақынна спортшыларды жинап басын қосу емес. Жастардың футболға деген ынтазарлықтарын арттыру болып табылады.

Үш күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Қарағанды командасы бірінші орын,Балқаш екінші,Саран командасы үшінші орынға табан тіреді. Жеңімпаздарға арнайы жүлделермен ақшалай сыйақылар тағайындалды.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар