ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ

15:53, 13 мамыр 2019

Теміртауда волейболдан халықаралық дәстүрлі жарыс өтті. Шара ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Жақан Медеубаевты еске алу құрметіне арналды. Айта кетерлігі турнир осымен 23 жыл қатарынан өтті

Шараға қатысушылар   Жақан Медеубаевты бір минут үнсіздікпен еске алып,оның портретіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Ал, «Арлан» арнайы жасақ жауынгерлері  ұрыс шеберлігін көрсететін қойылым көрсетті. Сценарий бойынша террористтер бір топ адамды кепілге алады, арнайы операция аясында террордың біреуі өлтіріліп, екеуі тірідей қолға түседі.

Турнир алғаш рет 1997-ші жылы жалауын желбіреткен. Содан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл жолғы шараға Қазақстаннан өзге Ресей, Қырғыз, Өзбекстан елдерінен спортшылар мен ардагерлер келді.

Кендебай АДАМБЕКОВ, ҰҚКД басшысы:

-Ардагер ағамыздың есімі мәңгі қалмақ. Сіздерді бүгінгі спорт сайысында сәттілік тілей отырып, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығуларыңызға тілектеспін.

Жақан Медеубаев саналы ғұмырын қауіпсіздік саласында  абыройлы қызмет етті.Отбасында  өнегелі әке. Турнирге  келген балалары әкесінің спорттың дамуына да зор үлес қосқанын еске алды.  

Айгуль МЕДЕУБАЕВА, Ж.Медеубаевтың қызы:

-Ең сүйікті спорты волейбол болатын әкемнің. Алғысым шексіз, отбасымыз атынан көп рақмет. Мына турнир жалғаса берсе, біз өте қуаныштымыз.

Жарыс  қортындысы бойынша ардагерлер арасында бірінші орынды Бішкектен келген ардагерлер алса, екінші орын Нұр-Сұлтан қаласы департаменті ардагерлеріне тиесілі болды. 3-ші орын Солтүстік Қазақстан департаменті ардагерлерінің еншісінде. Ал, өзге командалар арасында Өзбекстан алтын, «АрселорМиттал Теміртау» күміс, Бәрімбек Бейсенов атындағы академия командасы 3-ші орын иемденді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар