ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ

16:20, 8 ақпан 2019

Биылғы жылы металлургтер қаласында жаңа емхана құрылысы басталмақ. Ол заманауи қондырғылар және спорттық-сауықтыру кешенімен жабдықталады. Бұл туралы Теміртау қаласы әкімінің халық алдында берген есебі кезінде мәлім болды.

Жаңа емхана бір ауысымда 50 адамға дейін қабылдай алады. Ал, спорттық-сауықтыру кешені  300 адамға шақталған. Білім саласында да жағымды жаңалық бар. Биылғы жылы жаңадан балабақша бой көтермек.  Яғни,  3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік жасалуда. Жаңа мектептің де құрылысы жүргізіліп жатыр. Алайда, мердігер құрылысты уақытында аяқтамай, қомақты қаражат игерілмей қалған. Мердігерге қатысты сотқа шағым түсірілген. Қала әкімі Ғалым Әшімов жаңа оқу жылында бұл білім мекемесі  есігін айқара ашады,- деп сендірді. Есептік кездесуде тағы басқа күрмеуі қиын күрделі мәселелер қозғалды.

Ғалым ӘШІМОВ, Теміртау қаласының әкімі:

-Қалада 33 мектепке дейінгі ұйым білім беру, тәрбиелеу жұмыстармен айналысады. 21 балабақша, 12 мини-орталық. Аталған ұйымдарға 6006 бала барады.

Өткен жылы 1 миллиардтан астам теңге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына жұмсалған. Мысалы, 90 пәтерлі көпқабатты үй қалыпқа келтірілген. Қазір жаңа үйлердің құрылысын бастауға жобалық-сметалық құжаттар дайын. 

Ғалым ӘШІМОВ, Теміртау қаласының әкімі:

-Қалада спортшылар үшін ғана емес, қарапайым адамдарға арналған 295 ғимарат жұмыс істейді. 2018 жылы спортпен шұғылданатындардың саны 55 мың 31 адамды құрады.

2017 жылдан бастап құрышты қалада  ауқымды жол жөндеу жұмыстары басталды. Биыл да жолдар орташа жөнделуде. Ұзақтығы 27 шақырымды құрайтын автожолды қалыпқа келтіру үшін,  қазынадан 1 миллиард 326 миллион тенге бөлініп отыр. Ғалым Әшімов теміртаулықтардың басқада сұрақтарына жауап берді.

Райхан САЙРАНБЕК  

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар