ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

16:44, 8 мамыр 2019

Саран қаласының негізі қаланған жылдары шағын қалада 3 мыңға жуық Ұлы Отан соғысының ардагері болған. Биыл, жеңістің 74 жылдығын олардың не бары 6-уы ғана қарсы алады. Уақыт талабына сай ардагерлердің қарасы азайғанымен, қадыр-қасиеті ортайған емес. Бүгін серіктес қаладағы ардагерлерді қала әкімі арнайы барып құттықтап, қал-жағдайларын білді

Павел Блажконың жасы биыл тұп-тура 93 те. Ол не бары 17 жасында училищеде оқып жүрген кезінде әскери-десанттық бригада қатарына тартылған.  Белоруссия, Украина кейін тіпті Австрия мен Румынияны жау  қолынан азат етті.  Осы ерліктері үшін «Отан соғысының» ІІ деңгейлі, маршал «Жуков» атындағы және тағы басқа медальдармен наградталған. Бүгінде басынан қазақы тақиясы тастамай отырған қарт Қазақстанда тек бейбітшілік болса деп тілейді.

Павел БЛАЖКО, екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері:

-Бір ғана тілегім бар. Соғыс болмасын. Біз көрген қитынджық пен нәубетті сендер көрмеңдер. Қалғанының бәрі болады. Ризамын, мені ешқашан ұмыт қалдырған емес, әркез еске алып, құттықтап келіп тұрады. Бізге, ардагерлерге одан басқа ештеңенің де қажеті жоқ.

Ержан ТЕМІРХАНОВ,Саран қаласының әкімі:

-Біз сіздердің алдарыңызда қарыздармыз. Сіздердің ерен ерліктеріңіздің арқасында бейбіт күнде тұрып келеміз. Ең бастысы денсаулықтарыңыз мықты болсын. Басқаның бәрі бар сіздерде.

Ал, Иван Власенко көп балалы отбасында дүниеге келген. Балалық шағы зұлматты жылдармен сай келді. Аштықты да соғысты да бел ортасынан кешіп өткен ол ерлік-елдікке жеткізерін жақсы түсінді. «Қызыл ту» ордені, «Беларуссияны азат еткені үшін», және «Ерен еңбегі» үшін медальдарымен наградталған.  Ол қашанда бүгінгі жастар бейбітшіліктің қадірін жоғалтпаса екен деген ниетін білдірді.

Иван ВЛАСЕНКО, екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері: 

-Қазіргі жастарға көңілім толады. Саран қаласы қандай керемет болып көркейіп келеді. Өзім далаға шыға алмасам да, осы қаланың тұрғындары үшін қуанамын. Істеріңе береке берсін, соғыс болмасын. Біз аманат еткен бейбітшліктің қадірін әркез біліпе жүріңдер.

Саран қаласындағы ардегерлердің барлығын құттықтап шыққан қала әкімі оларға сый-сияпаттарын табыстап,  мықты денсаулық тіледі. Және ардагерлерді алаңдатқан мәселе болса, әкімдік есігі қашанда ашық деп ескертті.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар