ЕРЛІК – ЕЛГЕ ҰРАН, ҰРПАҚҚА – ӨНЕГЕ

16:13, 11 қазан 2019

Ақтоғай селосында күрделі жөндеуден өткен «Батырлар саябағы» қайта қолданысқа берілді. Сондай-ақ, бұл күні "Тарих тағылымы" саябағындағы Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткендер мен қайтыс болған жауынгерлердің ерліктері еске алынып, гүл шоқтары қойылды

Жаңарған «Батырлар саябағының» ашылу салтанатына Кеңес Одағының батырлары Нүркен Әбдіров пен Қазыбек Нұржановтың жақындары және алыс-жақыннан құрметті меймандар жиылды. Қос батырдың ескерткіші қойылған саябақта сөз алған  аудан әкімі Салтанат Әбеуова, «бүгінгі ұрпақ аға- буын танытқан қаһармандық пен қайсарлықтың үлгісіне қарап бой түзейді», деп атап өтті.

Салтанат ӘБЕУОВА, Ақтоғай ауданының әкімі:

-Ұлы батырларымыз Н.Әбідровпен Қ.Нұржановтың ерліктерін ұрпаққа жеткізу басты мақсатымыз. Міне, батырлар саябағы жаңартылды. Олардың ерліктері мәңгілік жадымызда.

Сонымен қатар, "Тарих тағылымы" саябағындағы Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткендер мен қайтыс болған жауынгерлерге арналған мемориалдық кешеніне гүл шоқтары қойылды.  Соғыста хабарсыз кеткен барлық ақтоғайлық жауынгерлердің есімі саябақта жазылып тұрғаны ерекше мақтаныш екені сөзсіз.

Сағадат ДҮЙСЕБЕКОВ,  «Құрмет» орденінің иегері:

-Аудан, облыс бойынша, жалпы Қазақстан бойынша қос батырдың ерлігі ұлықталды. Н.Әбдіровтың немерелерін ертіп, Волгоградқа бардық. Батырдың жерленген жеріне барып, бір уыс топырақ апардық. Ол жақта да Нүркен жайында, батырлығы жөнінде  адамдар көп біледі екен.

Батырларын ұлықтаған ақтоғайлықтар  бейбіт те бақытты өмір сыйлаған майдангерлер ерлігін дәріптейтін «Қос батыр – қос қыран» атты тарихи- танымдық кеште бас қосты. Соғыс жылдары туралы сахналық қойылыммен ән мен жырдан маржан төгілді. Бейбіт елдің ұландары болашаққа деген сеніммен тағылымды шараны «Бейбітшілік сақталады» әнімен аяқтады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар