ЕРЛЕР ЕРЛІГІ – КӨРМЕДЕ

17:21, 7 ақпан 2019

Теміртау қаласындағы тарихи өлкетану музейінде "Ауғандық сызат" инсталляциясы ашылды. Жауынгер - интернационалистердің жабдықтары, оқу – жаттығу қаруы, хаттары қойылған көрме Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылуының 30 жылдығына арналған

Бұл 18 жасар жігіттің әскери қызметке аттанған сәтін көрсетіп тұрған, ерекше көрініс. Дәл осындай кескінмен Ауған соғысына Әскери борышын өтеуге аттанған 9 жауынгер көз жұмған. Көрме сол тұстағы ерлік иелерінің құнды құжаттарын да қамтыған. Оның ішінде, суреттер, жолданған хаттар мен сарбаздардың қолданған өзге де заттары да бар. 

Татьяна ХМЕЛЁВА, тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері:

- Құнды жәдігерлерге қоса, ерекше сәттерді осы көрмеге қамтуды тырыстық. қиын тұстағы ауған соғысын бейнелейтін сәттерді де осы тұста ескердік. Мұнда беймәлім әрі ерекше көріністерді көруге болады.

Бұл  Виктор Грязновтың суреті. Ол Кеңес әскері қатарына Теміртау қаласынан 1979 жылы алынған.  Соғыс кезінде ол ерлігімен сан мәрте биіктен көрінді. Әскери тапсырманың бірін орындау кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен.

Гүлім СЫЗДЫҚОВА, тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:

-  Викор Ивановичтен  көп жыл хабарсыз болдық. 1990 жылдары Алматының бір шәкірті оның әскери билетін бір көрмеден тауып алған мәлімдейді. Осылайша, тексере келе оның ерлігі, қандай жағдайда болғаны анықталған.    Грязноваты отанға жерлеуді ауған соғысы ардагерлері кеңесі көтеріп жатыр.   

Металлургтер қаласының жауынгер –интернационалистері қоғамдық шараларға да белсенді қатысуда. Жалпы, Теміртау қаласында 200-ден астам ауған соғысы ардагері бар.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
18:40, 13 ақпан 2019
ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
Толығырақ...