ЕРКІН ПІКІР АЛАҢЫ

16:38, 15 қазан 2019

«Қарағанды журналистикасының дамуы» Осындай атаумен облыстық Журналистер Одағы филиалының алғашқы отырысы өтті

Басқосуға Журналистер Одағының мүшелері ғана емес аймақтың аудан қалаларынан тілшілер де қатысты.  Алқалы жиын барлық бұқаралық құралдары өкілдері үшін шынайы ашық пікір алаңына айналды.Ордалы ой қозғалған отырыс барысында Қарағанды облыстық Журналистер Одағының кеңесі құрылды. Оның  құрамына  10 қаламы қарымды, ойы алымды тәжірибесі ұшан -теңіз журналист енді. Кеңесте бір орын әзірше бос.Ал келелі  кездесуде қалам ұстаған қауым аймақтағы тілшілердің өзекті мәселелерін талдап-таразылады. Бұқаралық ақпарат құралдары мен  атқарушы билік арасындағы байланыс салмақтап сараланды. Барлық түскен ұсыныстар бойынша  хаттама толтырылды.

Сағат БАТЫРХАН, халықаралық дәрежедегі журналист, кеңес мүшесі:

-Бірігіп бір-біріміздің жағдайымызды біліп отыруымыз керек. Бір-біріміздің не жазып жатқанымызды қарап, бақылап отыру қажет. Бүгінігі журналисттердің сауаттылығы, кәсіби шеберлігі ол басқа әңгіме . Сондықтан біз бір-бірімізден үйреніп, өнеге алуымыз қажет.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар