ӘРІПТЕСТІК ӘЛЕУЕТІ

16:30, 16 сәуір 2018

Облыс әкімі Ерлан Қошанов Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті

Жиын барысында тараптар әріптестік механизмін талқылап, екі жақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде пікір алмасты. Аймақ басшысы өңіріміздің Франциямен әр салада тығыз байланыс орнатуды көздейтінін жеткізді. Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэнмен өткен  кездесудің басты мақсаты - жаңа инвестициялық жоба көздерін қарастыру. Аймақ басшысы Ерлан Қошанов өңірімздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын таныстырып, қай салада бірлесе жұмыс істеуге болатынын баяндап берді. Ал, Француз  елшісі спорт түрлерін дамытуға қызығушылық танытты. Бұдан бөлек, қазақ жастарын Францияда оқытып, туризм саласын түрлендіруге үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді.

Филипп МАРТИНЭ  Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі

Франция Қазақстанмен сауда әріптестігін арттыруға қызығушылық танытуда. Сенімді серік, мықты әріптесіміздің бірір Қарағанды облысы болатынына сенім зор. Бізге жылдың төрт мезгілінде де қызмет жасайтын жобалар керек. Біз білім алушы жастарға тегін гранттар ұсынып отырмыз. Бұл да әріптестіктің бір жемісі.

Облыс әкімі франциялық әріптестердің инновациялық технология, цифрландыру саласына қызығушылық танытты. Дегенмен, 50 мемлекетке тауар экспорттайтын өңіріміздегі Францияның үлесі тек 0,2 пайызды құрап отырғанын аймақ басшысы алға тартып, әлі де жұмысты жандандыру қажеттігіне басымдық берді. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов елімізде инвесторларға қолайлы жағдай жасалып жатқанына тоқталып, Қарағанды облысы түрлі салада достық қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

Ерлан ҚОШАНОВ   Қарағанды облысының әкімі

Біз француз әріптестерімізге 50 астам инвестициялық жоба ұсына аламыз. Атап айтқанда, тау-кен металлургиялық кешені, көлік құрау мен жолаушылар тасымалы саласы бар. Оның ішінде, басты жобаның бірі туризмді жетілдіру болып отыр. Біз инвестиция тартып, өндірісті өркендетуге әзірміз.

 Франциямен тиімді байланысты нығайту Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі. Өз кезегінде, тараптар өзара тиімді сауда, экономкалық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық әріптестікді дамытудың әлеуеті зор екендігін жеткізді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...