ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫ

15:57, 17 қаңтар 2020

2020-шы жыл Президент қолдауымен Еріктілер жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда Саран қаласында еріктілер қозғалыстары бірыңғай ашық есік күнін өткізді. Онда еріктілердің концепциясы бекітіліп, жобаның мақсат-міндеттері түсіндірілді

Ашық есік күні аясында, бір шаңырақ астында бірнеше ұлт өкілдері бас қосты. Басты мақсат- биылғы жылдың тақырыбына арқау болған еріктілердің істеріне назар салу. Бүгін олардың барлығы жалпы республикалық ҚХА-ның жүйесіне енгізілмек. Кейін олар негізгі 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Ол бірлік, білім, тәрбие және келісім бағыты.

Ольга СВИРГУН,  жасөспірімдер орталығының басшысы:

-Біздің достық үйіміз еріктілермен тығыз қарым-қатнаста жұмыс істейді. Жаңа орталықтардың ашылуы тұрғындар қажеттілігне орай жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл бастамалар жастар арасында патриоттық тәрбиені дамытуға да ықпал етер еді.

Қала жастары Еріктілер жылы аясында қазірдің өзінде бірқатар ауқымды шараларға белешеше кірісуге дайын отыр. Солардың бірі - ел көлемінде аталып өтетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Студент жастар шараның жоғары деңгейде аталып өтуіне өз үлестерін қоспақ.

Сәби СӘУЛЕТ,  ерікті, СГКТ студенті:

-Біздің басты мақсатымыз жас кезімізде қоғамға пайдамызды тигізу. Осы жолда талмай еңбек ету парыз. Оның үстіне Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына қатысу зор мәртебе болып табылады. 

Бүгінгі күні Саран қаласында тіркелген 3 бірдей еріктілер ұйымы бар. Олардың құрамында 200-ге жуық жас қызмет етеді.  Биылғы жыл аясында олардың қатары көбейіп, қаланың қоғамдық өміріне бей-жай қарамайтын жастардың қатары артама деген үміт бар. 

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар