ЕРІКТІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

17:19, 16 қазан 2020

Белсенді еріктілер мен жанашыр азаматтар "Халық алғысы" Құрмет медалімен және алғыс хаттармен марапатталды. Ел Президентінің атынан оларды облыс әкімі Жеңіс Қасымбек құттықтады

Қазақстанда волонтерлік қарқын алуда. Еріктілер қатары күн санап өсіп келеді. Бүгінгі таңда өңірде 97 қайырымдылық ұйым жұмыс істейді. Олардың құрамында 7 мыңға жуық адам бар. Облыс әкімі "Qoldau" орталығында болып, еріктілермен кездесті. Олардың елдегі короновирус инфекциясымен күресте жасаған жақсылықтарын айтып, ризашылығын білдірді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Мен, ең алдымен, сіздерге алғысымды білдіргім келеді. Сіздер үлкен жұмыс атқардыңыздар. Волонтерлік  – бұл үлкен күш екені сөзбен де, іспен де дәлелденіп жүр. Еріктілік бүгінде белгілі бір мәдениетке, біздің өміріміздің бір бөлігіне айналатынын сеніммен атап өткім келеді.

Кәсіпкерлер мен меценаттар еріктілерден қалыс қалмады. Солардың бірі - Ғабдолла Дүйсенбаев. "Nur Otan" партиясының белсенді мүшесі бола отырып, ол наурыз айында COVID-19 диагностикасы үшін жедел тесттерді сатып алуға 5 миллион теңге бөлді. Ал, "Qoldau" орталығының ашылуына орай, еріктілерге қажетті ұйымдастыру техникасын тапсырды.

Ғабдолла ДҮЙСЕНБАЕВ, меценат:

Ең белсенді еріктілер мен жанашыр азаматтарға өңір басшысы "Халық алғысы" құрмет медалін және Ел Президенті атынан алғыс хаттарды табыс етті. Марапатталғандардың арасында Ержан Хамитов та бар. Ол «Жас отан» жастар қанатының төрағасы. Елдегі қиын кезеңде халыққа арналған  шарапаты мол игі шаралардың басы қасынан табыла білді.

Ержан ХАМИТОВ, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

- Біз елімізде қандай жағдай болмасын, оларға қолдау көрсету азаматтық парызымыз деп санаймын. 2020 жыл - Еріктілер жылы болды. Көп жұмыстар жасалды. Негізі мұдай қайырымды іс-шаралар үнемі жасалып тұруы керек.

Сонымен қатар, аймақ басшысы жас кәсіпкерлерге Қарағанды облысы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттарын тапсырды. Сондай-ақ, кездесуде волонтерлер атқарылған жұмыстар мен іске асырылып жатқан жобалар туралы айтып, Жеңіс Қасымбекке қызықтырған сұрақтарын қойды.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар