Ережеде көрсетілмеген құжаттарды кәсіпкерлерден талап ету қаншалықты заңға қайшы?

21:38, 19 мамыр 2017

Зейнет жастағы кәсіпкерлердің құқықтары өзге бизнес өкілдерімен тең сақталуда ма? Осы және өзге де сұрақтар құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарма басшысы Әбу Әли Саттар мен облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесе өткізген баспасөз отырысында талқыға салынды

Баспасөз отырысы алдымен  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарма басшысы Әбу Әли Саттардың баяндамасымен басталды. Айтуынша, өңірде зейнет жасына шықса да кәсібін өрге сүйреп отырған 8121 кәсіпкер тіркеліпті. Алайда, бекітілген заң ортақ. Өзге де шағын және орта бизен субьектілері секілді құқықтары бірдей, мөлшеріне орай салық та төлейді. Дегенмен, тырнақ астынан кір іздейтін атқамінерлердің аяқасты тексеріспен жетіп келуі заңға қайшы әрекет –дейді басқарма басшысы.

Әбу-Али САТТАР құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басқарма басшысы

Аймақта кәсіпкерлердің құқықтары жан жақты қорғалу үшін барлық жұмыстар атқарылуда. 2016 жылы 11287 тексеріс жүргізілсе, 5326-ы жоспардан тыс болды. Ал, 4000-ға жуығы арнайы тәртіп бойынша іске асқан. Кәсіпкерлерді тексерер алдында, кәсіп иесі алдымен хабардар болуы қажет.

Мұндай келеңсіздіктер болмас үшін  облыстық құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті «Қамқор» атты мобильді жобаны іске қосқан. Ендігі кезекте, кәсіпкерлер өздеріне тексерістің қашан келетінін осы саит арқылы біле алатын болады. Ол үшін әрине әр кәсіпкер тіркелу керек. Содан соң, «тексеріс келеді» деген хабарлама келіп тұрады.

Әбу-Али САТТАР   құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басқарма басшысы

Біз жағдайды қалыпқа келтіру үшін осындай жобаның бар екенін халыққа жеткізгіміз келеді. Мұнда «сұрақ –жауап» бойынша кәсіпкер сұрағына жауап ала алады. Әрине, құқықтарын қорғау басты қағида.

Осы орайда, облыстық  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік кәсіпкерлер кеңесін өткізді.Отырыс барысында шағын және орта бизнестегі кейбір қордаланған мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушы зейнет жасындағы кәсіпкер Болат Кенжин мемлекеттік органдарға толықтай көңілі толатынын жеткізді.

Болат КЕНЖИН кәсіпкер

Өз басым кәсіпкерлерді жас айырмашылықтарына қарай бөлуге қарсымын. Кәсібіміз әр түрлі слаа болғанмен заң баршаға бірдей. Тіпті, егде жастағы кәсіпкерлер заң алдындағы жауапкершілікке зорұқыптылықпен қарайды деп ойлаимын. Өндірісті өрге сүйрер ұтымды бастамаң болса, үкімет қашанда қолдауға дайын. Бірнеше ондаған жыл болды,  өзге тараптан қысым, не болмаса түсініспеушілік болған емес.

Осылайша, аймақ кәсіпкерлері атқарушы орган тарапы мен шағын және орта бизнес субьектілерінің байланысы артарына сенімді. Ал, кәсібін дөңгелетуді көздегендерге Елбасымыз да негізсіз тексерулер жүргізе бермеу керектігін атап өткені ел есінде.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...