ЕРЕКШЕ ШЫРША БАЙҚАУЫ

17:00, 7 желтоқсан 2018

Жаңа жыл қарсаңында қарағандылықтар «Ең ерекше шырша» фестиваліне қатыса алады. Екінші мәрте өткізілетін байқау екі кезеңде өтеді. Ал, 24 желтоқсан күні байқауға қатысатын шыршалар каскад алаңына қойылады

Қарағанды қаласы саябақтар басқармасы тұрғындарды  шаһарымызды жаңа жылға  безендіруге ат салысуға шақырады. Жасыл желек екі метрден төмен болмауы керек. Бұл байқау шарттарының бірі. Шыршаны кез келген материалдан әзірлеуге рұқсат. Былтырғы жылғы сайыста жасыл желектер пластикалық бөтелке,  тіпті студенттік құжаттан жасалыпты.

Ксения БЕЗКОРОВАЙНАЯ,  Қарағанды қаласы саябақтар басқармасының баспасөз  хатшысы:

-Байқауға қатысу үшін арнайы шарт қоймаймыз. Ұшқыр қиялаңызды қосып өзіңізге және басқа азаматтарға мерекелік көңіл күй сыйласаңыз болғаны. Байқауға кез келген адам қатыса алады.  

Қазылар алқасы ең ерекше, өзгеше орман ағашын таңдап алады. Жеңімпаздарға сыйлықтар да дайын.  Фестиваль екі кезең бойынша 11 желтоқсаннан  24-іне дейін өтеді. Осы уақыт аралығында қатысушылар шыршаларды дайындап үлгеру керек.  Кейін  олар каскад алаңына қойылады. Фестивальге қатысу үшін 87016866655 нөміріне өтініш жіберсеңіз болғаны.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар