«ЕРЕКШЕ» БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

14:15, 8 мамыр 2019

Қарағандыда жыл соңына дейін ерекше күтімді талап ететін балаларға арналған тағыда екі мекеме ашылады. Бұл қазіргі қоғамда кезек күттірмейтін өзекті мәселенің бірі

Осылайша облыс әкімінің орынбасары туындап отырған олқылықты қолға алу керектігін атап айтты. Расыменде қазіргі қоғамда ерекше күтімді талап ететін балаларды оқыту және оларды мектепке дейін даярлау өзекті мәселе болып тұр.

Жанар ЕРЖОЛОВА, Қарағанды облыстық ПМПК меңгерушісі

-Біздің ғимарат талаптарға сай келгенімен таршылық етеді және кедергісіз жүру талабы ескерілмеген. Жалпы бізде мамандар жеткілікті екі аусыммен тынымсыз жұмыс жасап жатырмыз. Тіпті арнайы топ шалғайдағы аудандарға шығып кеңес беріп көмек көрсетеді.

Бұл жерде Қарағанды,Саран,Абай және Қарқаралы аудандарының балалары кезекке тұрып кеңес алады,сырқаттарына ем іздейді. Жалпы облыс бойынша ерекше күтімді қажет ететін бала саны 11 200-ге жуықтайды. Бұл көрсеткіш өкінішке орай жыл санап көбейіп келе жатыр.

СНХ: Асхат АЙМАҒАНБЕТОВ облыс әкімінің орынбасары

Қарағанды облысында бүгінге дейін  арнайы кеңес беріп қолдау көрсететін осындай  4 мекеме бар. Олардың екеуін яғни, Теміртау мен Балқаш қалаларындағы ғимарат 2017 жылдары ашылған болатын. Енді биыл тағыда екі орталықтың ашылуы көзделуде.

Бақытгүл ӘДЕКЕНОВА, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

-Біз бұл мәселелермен жақсы таныспыз білеміз сол себепті ала жаздай кезекке тұру мәселесін шешу үшін  жұмыс жасайтын боламыз. Сонымен қатар жыл соңына дейін тағыда екі мекеме ашуды жоспарлап отырмыз. Қолға алған жоспар жүзеге асатын болса, кезекке тұру саны шектеліп жұмыс жүйесі бір қалыпқа келетін болады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту  және тәрбиелеу  білім беру жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Қарағандыдағы ПМПК-те 13 маман кембағал балаларға кеңінен кеңес беріп, түрлі дертке шалдыққандарға мейлінше қолдау көрсетіп келеді.

Ботабек МАРАТҰЛ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар