ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

13:32, 25 мамыр 2020

Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан біртуар батыр -Медет Аманжоловқа 78 жылдан кейін туған жерінен топырақ бұйырды. Майдангердің мүрдесі Шет ауданына қарасты Ақадыр кентіндегі зиратқа жерленді. Оған жергілікті билік пен ет жақын туыстары және жерлестері қатысты

Смоленск түбіндегі шайқаста жанын пида еткен батыр Медет Аманжоловтың сүйегі 78 жылдан соң, туған жеріне жеткізілді.Ақадыр кентіндегі зират маңында өткен қаралы жиында жерлестері мен туған -туыстары жеңіс солдатының ешқашанда ескірмейтін ерлігі мен жарқын бейнесін жадыларында жаңғыртты.Марқұмға арналған митинге Шет ауданының әкімі баһадүрдің  қажырлы қайсарлығы өскелең ұрпаққа үлгі екенін айрықша атады.

Мұхит МҰХТАРОВ, Шет ауданының әкімі:

-Біз тарихи бір маңызды шараның куәгері болып отырмыз.Батыр бабаларымыздың еліне,жеріне деген өнегесін көрсетеді.Бұл кісінің ұрпақтарына игі іс болады деп ойлаймын.Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.

Медет Аманжолов - Шет ауданына қарасты Жастерек ауылында дүниеге келген.Ол 1941 жылы нәбәрі 24 жасында соғысқа аттанады. Жаужүрек жерлесіміз 125 –ші жеке атқыштар бригадасының сапында сенім мен сертін серік ете жүріп, Смоленск түбіндегі кескілескен ұрыста  жауға тойтарыс берген.Ал батырдың ағасының ұлы Мұраттың айтуынша  майдангерден соғыстағы соңғы хат 1942 жылы  келген көрінеді.Содан бері жеңіс солдатынан хат-хабар болмаған.

Мұрат АМАНЖОЛОВ, батырдың бауыры:

-Балам әрі қарай іздеуді жалғастырды.Мәскеудегі арнайы топпен сөйлесіп, мүрдесі табылғаны туралы деректі сол кісілерден алдық.

От пен оқтық артасында ерен ерлік көрсеткен асыл ердің мүрдесін табуға көршілес елдегі «Тризна» қоғамдық ұйымы мен Ресейдегі Қазақстан елшілігі  және Қорғаныс министрлігі мен «Аталар аманаты» қоғамдық бірлестігінің өкілдері барынша қол ұшын созған.Ал батырдың сүйегін Елордадан Ақадыр кентіне әкелуге Шет ауданы әкімдігі ресми хат жолдап, арнайы көлік жіберген.

Мұрат АМАНЖОЛОВ, батырдың бауыры:

-Киімдеріне тігіп береді екен. Патронның ішіне аты жөні, қай облыстан, қай жерден екені жазылады екен.Содан кейін жаңагы қағазды оықғаннан кейін көзіміз жетті. Қуандық. Рахметтен басқа айтарымыз жоқ.

Митингте  майдангерді еске алу белгісі ретінде бір минут үнсіздік жарияланып, үш мәрте оқ атылды.Ата –дәстүрімізге сай мешіт имамы аптал азаматтың рухына құран бағыштады.Шара шеңберінде  жиналған қауым, кенттен қаһарманға бір  көшенің аты берілсе деген ұсыныс тілегін білдірді.Айта кетейік Медет Аманжоловтың әкесі мен оның інісі Ұлы Отан соғысының ардагерлері.

 

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар