ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ!

16:22, 10 маусым 2019

Кеңек әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуы аясында Қарқаралы ауданында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге еңселі ескерткіш орнатылды. Аталмыш шараға еліміздің бірнеше облыстарынан құрметті меймандар келді

Ер есімі- қашанда ел есінде. Бұл сөзімізді Қарқаралы ауданында бой көтерген сәулетті ескерткіш айшықтай түсері сөзсіз. Жастай өмірлерін құрбан еткен ардагерлер ескерткіші -аудан әкімі бастамасымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында орнатылған.  

Халел МАҚСҰТОВ, Қарқаралы ауданының әкімі:

-Бұл ескерткіштің бойындағы бар қасиеті, осы ескерткіштің өзінде ғана қалсын. Енді бұлай сұрапыл соғыс болмасын. Елімізде бейбітшілік заманы болсын. Елімізде тыныштық заманы болсын. Қару көтерілмей, біліммен өзіміздің патриоттық сезімді оятып шекарамызды қорғап қызмет етейік.

Шара барысында көпшілік Ауған даласында жастық шақтарын ажалға айыр-бастаған боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, ескертіш алдына гүл шоқтарын қойды. Осы орайда, бірқатар азаматтар марапатқа ие болды. Олардың арасында ескерткіштің жобасын жасаған мүсінші Сәкен Дәулетбаевта құрметке бөленді.

Сәкен ДӘУЛЕТБАЕВ, ескерткіш жобасының құрастырушы:

-Бұл жоба екі айдың ішінде істелді. Бұл жердегі тастардың барлығы осы Қарқаралының өз табиғи тастары.

Бейбіт күннің бағасы мен  тәуелсіздіктің құнын майданда қаза болған  жандардың туыстары да жақсы түсінеді. Марқұм жауынгерлердің жақындары да сөз алып, сұрапыл күндердің қайталанбауын тіледі.

Тамара ТҮСІПОВА, соғысыта көз жұмған жауынгердің жұбайы:

-Қазіргі Ауған соғысының ардагерлеріне бар күшін жинап, бүкіл жүрегінің ыстығын соған қосып, осындай ескерткіш орнатып қойды. Мен өз атымнан, бала-шағаның атынан үлкен алғысымды айтамын. Алғысым шексіз.

Ауған жауынгерлерінің ескерткіші ашылуына орай Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Қарағанды қаласынан құрметті меймандарда қатысты.

Талғат ХАСЕНОВ, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

-Әкімшіліктерге  бәріне көптен көп рахмет. Ардагерлерге рахмет. 2017 ден бастап ашылып жатыр. 12 ескерткіш ішінде мынау тоғызыншысы. Келесі алтыншы Ақтоғайда ашылады. Осы бойынша шет ауданында Ақсу-Аюлы кентінде ашылмақ.

Бұл майданда әскер сапында жүрген 86 қарағандылық қаза тапса, оның төртеуі Қарқаралыдан аттанған жауынгерлер. Соның бірі, Ауғанстанның Файзабат қаласында минаға түсіп қалып, көз жұмған Жамалиден Әлібаев. Жауынгердің құрметіне орай дәстүрлі Х рет облыстық футболдан жарыс өтті.

Сырлыбай ТӘСІМОВ, ауған соғысының ардагері /Атырау/:

-1980 жылы біздің қатарымызда Жамагилдин Әлібаев Есбайұлы бізбен бірге бір ротада болдық. Өз ісінің маманы. Біз түрлі операцияларда бірге болдық. Қасиетті Қарқаралы жерінде осындай ескерткіш ашылып, осы Жамалидин бауырымыздың оныншы турнирі. Бауырларына, аудан әкімдігіне алғысымызды білдіреміз.
Жат жерде болса да жан беріп, жан алысқан жауынгерлер ерлігін ертеңге жеткізу үшін міне, ауданда осындай игі істер жасалды. Бұл бастамалар қашанда болашақ ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие берері сөзсіз.    

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар